13
январь
2026
«Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.

Іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі орынбасар мен мектеп инспекторы мектеп инспекторы Егеубаев Манас Айтмұқашұлы қатысып, оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді.
Мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, дұрыс мінез-құлық қалыптастыру және қоғамда заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.