Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Парасат» орденінің иегері Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен кәсіби деңгейде кездесу өтті.
15
январь
2026

«Парасат» орденінің иегері Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен кәсіби деңгейде кездесу өтті.

2026 жылдың 15 қаңтар күні мектебімізде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, еліміздің білім беру саласының дамуына өз үлесін қосқан көрнекті өкілі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен  кәсіби деңгейде кездесу өтті. Кездесуге мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты.Кездесуге мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты.
 Кездесу барысында мектеп мұғалімдері «Білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы ақпараттармен бөлісті.
Мектепте жүргізіліп жатырған пилоттық жобаның құндылықтары мен ұстанымдары бойынша кәсіби сұхбат болды. Оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалімнің шеберлігі туралы, кәсіби құзыреттілікті дамытуда топтасып, ақылдасу сабақтарын өткізіп, бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. 
Мектебімізде осы пилоттық жоба аясында -37 зерттеу топтары жұмыс жүргізуде. Әрбір зерттеу топтарына модераторлар тағайындалып, зерттеудің жоғары деңгейде жүргізілуі үшін кешенді жұмыс жоспары жасалған. 
  Асқарбек Қабыкенұлының ұстаздармен кездесуі – мектеп мұғалімдері үшін үлкен серпіліс болды. Көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, шығармашылық тұрғыда шабыт алды.
Құрметті ғалымға өз ризашылығымызды білдіреміз!