Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Алғыс айту күніне орай білім ордамызда, өзін-өзі басқару ұйымымен ұстаздарға құрмет көрсету және ризашылық білдіру мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
27
февраль
2026

Алғыс айту күніне орай білім ордамызда, өзін-өзі басқару ұйымымен ұстаздарға құрмет көрсету және ризашылық білдіру мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ұстаздарды мектеп фойесінде оқушылар жылы жүзбен қарсы алып, гүл шоқтарын табыстап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Мерекелік безендірулер мен алғыс сөздер жазылған тақта ілінді

Шараның негізгі мақсаты - ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және өскелең ұрпақтың бойында ризашылық пен сыйластық сезімін қалыптастыру.

Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Ұйымдастырған: 
ДТЖІО: Отарбаева Н.С
Мектеп тәлімгері: Жангабилова С.М