Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 2020 жылдың ІІІ кварталы бойынша кіріс және шығыс есебі » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 2020 жылдың ІІІ кварталы бойынша кіріс және шығыс есебі
23
октябрь
2020

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 2020 жылдың ІІІ кварталы бойынша кіріс және шығыс есебі

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданындағы №26 жалпы білім беретін мектеп директоры Сейтахметова Галя Акылбековна мектептегі 2020 жылдың қаңтар айынан, қыркүйек айы аралығындағы кіріс және шығыс есебін жасады.Жиналысқа мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері, ата – аналар, мұғалімдер қатысты. Жиналыс қашықтан «ZOOM» платформасы арқылы өткізілді.    Жиналыс барысында ата - аналарға  2020 жылдың қаңтар - қыркүйек аралығында жұмсалған қаржы есебі слайд көрсетіле отырып, түсіндірілді. 9 айға бөлінген қаражаттың мөлшері 973 412 000 теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаржы есебінен - 603 392 000 теңге, республикалық бюджет қаржы есебінен - 161 459 000 теңге бөлінгені айтылып, әр спецификаға қанша бөлініп, қандай жұмыстар атқарылғандығы және қандай заттар сатып алынғандығы туралы толық мәлімет берілді.   Жиналыс соңында ата – аналар мектеп әкімшілігіне жыл сайынғы шығыс және кіріс есебін жүргізіп отыратындарына алғыстарын айтып, сенімдерін білдірді.