ПРАЙМЕРИЗ кандидаттарымен кездесу » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2020

ПРАЙМЕРИЗ кандидаттарымен кездесу

Алматы қаласы Алатау ауданындағы 26 жалпы білім беретін мектеп жанынан құрылған "Бірлік" бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.А.Сейтахметованың модераторлығымен және аудандағы  басқа да бірнеше бастауыш партия ұйымының мүшелерімен  қашықтан " ZOOM" платформасы арқылы партияішілік сайлауға қатысып жатқан ПРАЙМЕРИЗ кандидаттарымен бірнеше рет кездесу өткізілді. 
Кездесудің бірі, бүгін қыркүйек айының 28-і күні  өткізілді.
Кездесуге 100-ге жуық партия мүшелері қатысты.
 Бүгінгі таңда ПРАЙМЕРИЗ қазақстандықтарға зор мүмкіндіктер аша алатыны және осы праймериздің әділ, шынайы өтілуін қадағалап, билік тарапынан қысымға жол берілмеуі бақылауда болатыны туралы сөз болды. 
 Кездесу барысында кандидаттардың алға қойған мақсаттары, ауданда шешімін таппай жатқан мәселелер талқыланды.
 Ауданда жастарға жағдай жасау мәселесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар  басым көпшілігі коммуналдық саладағы ұзақ жылдар бойы қордаланған әлеуметтік мәселелерді (су, жол, интернет, жарықтандыру) шешу жолдары да шеттен тыс қалмады.
 Кездесу барысында партия мүшелері өз ойларымен бөлісіп, кандидаттарға шынайы тілектерін жеткізді.