«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық «Бірлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Адамның бәсекеге қабілеттілігі – ұлт жетістігінің факторы» тақырыбында аудан тұрғындарымен ашық диалог алаңы өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық «Бірлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Адамның бәсекеге қабілеттілігі – ұлт жетістігінің факторы» тақырыбында аудан тұрғындарымен ашық диалог алаңы өтті.
25
октябрь
2019

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық «Бірлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Адамның бәсекеге қабілеттілігі – ұлт жетістігінің факторы» тақырыбында аудан тұрғындарымен ашық диалог алаңы өтті.

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 мектепте 25 тамыз 2019 жыл күні «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық «Бірлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Адамның бәсекеге қабілеттілігі – ұлт жетістігінің факторы» тақырыбында аудан тұрғындарымен ашық диалог алаңы өтті.
Басты мақсаты: Елбасының қайта жүктеу бағдарламасын іске асыру аясында бәсекеге қабілеттілік жаһандану заманының талабы екенін түсіндіре отырып, азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, халықпен бірге болып, мұң-мұқтаждарын тыңдап, мәселені шешуде ықпалдасып әрекет жасауға шақыру. Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, мемлекеттік органдармен шешімдерді талқылау және азаматтардың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара байланысын дамыту, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. 
Диалог алаңына 300 ге жуық аудан тұрғындары мен орталық және жергілікті атқарушы органдардан төмендегідей қонақтар қатысты:
  1. 1. Нұр Отан партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұқанқали Тұрашұлы
  2. Тұрғын үй жинақ банкі акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Кожанбаев Адилет Нурсагатович
  3. Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының жетекші маманы Артыкова Злиха Нұрмағанбетовна
  4. Қазақстан ипотекалық компаниясының басқарма директоры Муқатов Арман Тимурович
  5. Алатау аудандық әлеуметтік әлауқат басқармасының басшысы Оразбаева Ляйля Сериковна
  6. Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқарма басшысының орынбасары Сембаев Еркебұлан Алдашевич
  7. Алатау аудандық Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Қазыбеков Айбек Олжабекұлы және кеңесшісі Исмаилов Рауан Кайратович 
  8. Алатау аудандық Кірістер   басқармасының бас маманы Куликов Жанат Болатович
  9. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының жеке тұрғын үй бөлімінің басқарма басшысының орынбасары Кулболдинов Нурлан Таниртаевич
  10. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Дуйсекенов Жасулан Сейлханұлы
       Диалог еркін форматта жүргізілді. Модератор «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №26 мектеп директоры Г.А.Сейтахметова жиналған аудан тұрғындары мен лауазымды тұлғалар арасында байланыс орнатып, қойылған сұрақтардың жауабын табуға үлкен септігін тигізіп, халықтың ризашылығына ие болды.
Г.А.Сейтахметованың айтуынша мұндай жиындар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады деп, халықтың мұң-мұқтажына бей жәй қарамайтындығын білдірді.