"Қашықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында ата-аналар жиналысы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қашықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында ата-аналар жиналысы
26
сентябрь
2020

"Қашықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында ата-аналар жиналысы

Алматы қаласы Алатау ауданы 26 жалпы білім беретін мектепте қашықтан "ZOOM" платформасы арқылы "Қашықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. 
Жиналысқа 100-ге жуық ата-ана қатысты.
 Күн тәртібінде:
 1. Қашықтан оқыту кезінде білім платформасын таңдау; 
 2 . Қашықтан оқу жағдайында мектеп оқушыларының компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етілуі;
 26 жалпы білім беретін мектептің директоры Г.А.Сейтахметова
"Қашықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қашықтан оқудағы ата-ананың міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары да шет қалған жоқ. Ата-ананың міндеті балаларының сабаққа уақытысында қатысуы және мұғаліммен үнемі кері байланыста болуын қадағалау екенін атап өтті. Ата-ананың міндеті туралы дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті. 
 Қазақстандық білім платформасы "Сфера" туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, "Сфера" платформасының   ақысыз, тікелей мұғаліммен байланысқа шыға алатын тиімді жақтарын айта кетті. 
 Сонымен қатар, мектептен берілген компьютерлік құрылғылардан (ноутбук, планшет)  ақау табылған жағдайда мектепке дер кезінде хабарласып, басқа компьютерлік құрылғылармен ауыстыруға болатындығы да  ата-аналарға ескертілді. 
 Жарыссөзге барлық ата-аналар шығып, өз ойларымен еркін бөлісті. Мектеп ата-аналары осындай қиын-қыстау кезеңде оқушылар мен ата-аналарға қолдау көрсетіп отырған Алматы қалалық Білім басқармасына, Алатау аудандық Білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға және жалпы мектеп ұжымына өз алғыстарын жеткізді. Ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы өте жоғары деңгейде өткізілді.