«Онлайн сабақтың аясында мұғалімдерде қандай қиындықтар кездеседі?» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Онлайн сабақтың аясында мұғалімдерде қандай қиындықтар кездеседі?»
26
сентябрь
2020

«Онлайн сабақтың аясында мұғалімдерде қандай қиындықтар кездеседі?»

Қашықтан оқыту қазіргі таңда қоғамның өзекті мәселесіне айналды. Білім берудің бұл форматы оқушы үшін де, оқытушы үшін де, тіпті ата- ана үшін де үлкен өзгеріс әкеліп отыр. Басты міндет әрбір балаға ата-анасымен бірлесе отырып бар жағдайын жасап, сапалы білім беру. Бүгінгі таңда мұғалімдерге онлайн форматта сабақты сапалы өтуіне әдістемелік қолдау көрсету өте қажет. 26.09.2020ж. күні Алматы қаласы, Алатау ауданы, №26 ЖББ мектептің директоры Сейтахметова Галя Ақылбекқызы әріптестерімізге НЗМ ПШО ДББҰ Алматы қаласы филиалының аға тренері Толыкбаева Галия Нұрмановнаның қатысуымен онлайн вебинар ұйымдастырды. Вебинарға 148 мұғалім қатысты.  Тақырыбы: Онлайн сабақты қалай бақылауға болады? Мақсаты: синхронды түрде сабақ өтудің тиімділігі және өз сабағыңды қалай бақылауға болатындығы жөнінде тәжірибе бөлісу болды.  Вебинар модераторы Толықбаева Галия Нұрмановна қашықтықтан оқытуда оқу мақсатына жету форматтары мен деңгейін қарастыру жайында, онлайн сабақты бақылау, оның амалдары, әдіс, жоспар, сабақтың ережесі, сабаққа дейін, кезінде, кейін  және сабақты бақылау парағы т.б. ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Инсайт арқылы әріптестеріміздің онлайн форматта өтілетін сабақтарды ұйымдастыру кезінде туындайтын сұрақтарға біраз жауап алғандары байқалды. Вебинарда әріптестеріміз еркін микрофон әдісі арқылы ашық сұхбат, тақырыпты ашу жаттығулары, чат  және падлет тақтасы арқылы өз ойларын ортаға салды. «Онлайн сабақтың аясында мұғалімдерде қандай қиындықтар кездеседі?» сұрағы төңірегінде пікірталас орын алып, қиындықтарды шешу жолдары қарастырылды. Вебинар соңында тренердің ұстаздарға бонус ұсынғаны әріптестерімізді қатты қуантты.  Рефлексия қорытындысы бойынша байқалғаны вебинардың өте жоғары деңгейде өткендігі, және тренер Г.Нұрмановнаға деген әріптестеріміздің орасан зор ризашылығы болды. Бүгінгі  вебинар әрбір тыңдаушының кәсіби деңгейде дамуына әдістемелік қолдау болар өнімді және нәтижелі іс-шара болғанына сенімдімін.