«Сабақты зерттеу (Lesson study) - №26 мектеп тәжірибесінде» тақырыбында аудандық семинар » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сабақты зерттеу (Lesson study) - №26 мектеп тәжірибесінде» тақырыбында аудандық семинар
07
февраль
2020

«Сабақты зерттеу (Lesson study) - №26 мектеп тәжірибесінде» тақырыбында аудандық семинар

Алматы қаласы Білім басқармасының №26 жалпы білім беретін мектебінде: «Сабақты зерттеу (Lesson study) - №26 мектеп тәжірибесінде» тақырыбында 07.02.2020ж. күні аудандық семинар өтті. Семинарды мектеп әкімшілігі, Алматы қаласы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп ұйымдастырды. Аудан мектептерінен 46 ( мектеп директорларының орынбасарлары мен пән мұғалімдері) және мектеп мұғалімдері, Алатау ауданының Білім бөлімінің әдіскері- Смагулова Алия Белгибаевна, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері- Толықбаева Галия Нурмановна, Байекешова Клара Елтаевна қатысты. Семинар барысында оқушы үні, деректерді жинау арқылы оқу мүмкіндіктерін айқындау, ынтымақтастық орта қалыптастыру, қалыптастырушы бағалау тағы да басқа зерттеу тақырыптары аясында тәжірибе алмасты.