"BIRLIK" дебат клубы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2021

"BIRLIK" дебат клубы

Алматы қаласы Алатау ауданы № 26 жалпы білім беретін мектепте 2020 жылдың қазан айынан бастап "BIRLIK" дебат клубы жұмыс жасап келеді.Клуб жетекшісі ДТІЖО Нұртаев Жантөре Нұржауұлы , клуб кординаторы 9 "Ж" сынып оқушысы Қанат Назерке тағайындалды. Дебат клубқа қазіргі таңда 6,7- сыныптардан 50 оқушы,  8,9- сыныптардан 80 оқушы,  10, 11 -сыныптардан 20 оқушы,  барлығы 150 оқушы қамтылды. "BIRLIK" дебаттық клубта оқушылар арасында офлайн, онлайн режимінде мектепішілік турнирлер өткізіліп,  аудандық турнирлерге де қатысып белсенділіктерін танытып келеді.
Мектепішілік турнирлер:«Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз»,
«Қашықтан оқытудың тиімділігі мен ерекшелігі»,
«Жыр алыбы-Жамбыл»т.б. тақырыптар аясында өткізіліп отыр.
Мақсаты:
-Білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Міндеттері:
-Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау арқылы белсенділіктерін арттыру.