«Адал ұрпақ» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2021

«Адал ұрпақ»

Алтау ауданы 
«№26 жалпы білім беретін мектеп» КММ
 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп  клубының
І жж  жоспар  бойынша атқарылған іс-шара
есебі

2020-2021 оқу жылында №26 жалпа білім беретін мектепте  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипатта ақпараттық «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.
  
Осындай міндеттерді негізге ала отырып, 23.09.2020жылы №26 жалпа білім беретін мектепте   «Адал ұрпақ - болашақ негізі»  тақырыбында қашықтан (zoom) платформасы арқылы конференция өткізілді.Конференция барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп директоры Сейтахметова Г.А. сөз сөйлеп, конференцияның  маңыздылығына тоқталды.Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Конференция мақсаты: мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қатысқан оқушы саны-30
 
09.10.2020жылы №26 жалпы білім беретін мектепте, мектеп директоры  Галя Ақылбекқызының қатысуымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубына "Адалдық парасаттылықтың биік шыңы" тақырыбында қашықтан   оқушыларды салтанатты  түрде қабылдау рәсімі өткізілді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубына мүшелікке қабылданған жалпы оқушылар саны-70.
Бастауыш буыннан-10 оқушы,орта буыннан-28 оқушы,жоғары буыннан-32 оқушы.
        Мақсаты:оқушыларды  рухани  адамгершілікке   және   азаматтық  патриоттық  рухта   тәрбиелеуге, оқушылардың   саяси  құқықтық  білімін,   сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   мінез –құлқын  адамгершілік  эстетикалық   құндылық   негіздерін  қалыптастыруға бағыттау.
 
21.10.2020жылы «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу негізінде «Адал  еңбек-жарқын күн» тақырыбында  4-ші сынып оқушылары арасында   сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету,еліміздің ертеңі жарқын болатындай ұрпақ тәрбиелеу.Қатысқан оқушы саны-12
           20.11.2020жылы    №26 жалпы білім беретін мектебінде  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерімен "Адал ҰРПАҚ-АДАЛ ЖОЛ" тақырыбында қашықтан     конференция өткізілді. Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын  жобалар көрсетуді ұйымдастыру.
    Мақсаты:оқушыларды  рухани   адамгершілікке   және  азаматтық   патриоттық  рухта  тәрбиелеуге, оқушылардың  саяси   құқықтық  білімін,  сыбайлас   жемқорлыққа  қарсы  мінез –құлқын   адамгершілік  эстетикалық  құндылық    негіздерін  қалыптастыруға бағыттау.Қатысқан оқушы саны-25
 
11.12.2020жылы  «Мемлекеттік қызмет елдің мүдессіне –адал еңбек» тақырыбында 8-сынып оқушылары арасында шығарма жазу ұйымдастырылды.
Мақсаты:өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату.
Аға тәлімгер: Иманбекова М.М