Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты байқау » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты байқау
18
ноябрь
2020

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты байқау

Алматы қаласы Алатау   ауданы №180 жалпы білім беретін мектепте кітапханашылардың ұйымдастыруымен аудандық көлемде мұғалімдер арасында қазақ сахарасының жарық жұлдызы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  "Асыл сөзді іздесең,  Абайды оқы, ерінбе"  атты байқау өткізілді. 
Байқау 3 номинациядан тұрды. 
1. Абай өлеңдері мен поэмалары
2. Абайдың қара сөздері
3. Абай әндері.
Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қарлығаш Медербековна қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Сонымен қатар Алатау аудандық Білім бөлімінің әдіскері Смагулова Алия Белгибаевна,  Алатау аудандық "Ұстаз"  кәсіподақ ұйымының төрағасы Мухамедиев Қайрат Тілеулиевич,  №1 оқушылар үйінің бөлім меңгерушісі, әдіскер  Үсенбаева Әсия Сарсенбайқызы қатысып, әділқазылық етті. 
"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" демекші әр номинация бөлек марапатталды. 
"Абай өлеңдері мен поэмалары" номинациясы бойынша: 
1-орынды № 26 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абданбай Назира Арыстанбекқызы, 
2-орынды №160 жалпы білім беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәттібек Индира Рустембайқызы, 
3-орынды №181 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Шитай Серіжан Тәуекелұлы қанжығалады. 
"Абайдың қара сөздері"  номинациясы бойынша: 
1-орынды  №185 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Орынбаева Айдана Амангелдиевна,
2-орынды №149 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдикаримова Айгерім Емзеевна, 
3-орынды №169 жалпы білім беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайсанова Әсем Нұрахметқызы иеленді. 
"Абайдың әндері"  номинациясы бойынша:
1-орынға №184 жалпы білім беретін мектептің  музыка пәнінің мұғалімі Сулименова Данара Жансейітқызы, 
2-орынға №179 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Турарлық Мира Бейсембайқызы, 
3-орынға №154 жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Кабулова Рабия Коблановна ие болды. 
Сонымен қатар, №180 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Бақтиярова Мария Есеновна осы байқауды ұйымдастырып,  атсалысқаны үшін марапатталды. 
Алатау аудандық "Ұстаз"  кәсіподақ ұйымының төрағасы Мухамедиев Қайрат Тілеулиевич әр қатысушыға кәсіподақ атынан "Абай. Қара сөз. Книга слов"  атты кітапты сыйға тартты. 
"Өлді деуге бола ма,  ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына із қалдырған",  - деп Абайдың өзі жырлап кеткендей, Ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, қара сөздері айтылып, әндері шырқала бермек.