Математика-спорт әлемінде (6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс) » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика-спорт әлемінде (6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс)
23
январь
2020

Математика-спорт әлемінде (6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс)


Математика-спорт әлемінде

(6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс)

Мақсаты: Математика мен спорттың байланысының бар екендігіне көз жеткізіп,өз денсаулығын күтіп,өмір қауіпсіздігін сақтай отырып,заман талабына сай салауатты өмір салтын сақтауды үйрету 

Бұл іс-шараны өткізуде : денсаулықтың құндылық екенін түсіну,қауіпсіздіктің мәні мен мағынасын ұғыну мақсатында мектептің даму жоспарының «Денсаулық және қауіпсіздік» атты 6-бағыты және №2 басымдық басшылыққа алынды.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн көрермен!

Құрметті ұстаздар, оқушылар,

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен

Тәрбиелі білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

2-Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар математика пәні бойынша онкүндігіміздің бүгінгі күнге ұйымдастырған «Математика спорт әлемінде» сайысына қатысушыларды қарсы алайық.

1-Жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді бастайық,

Әділқазы алқасымен,

Танысудан бастайық.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Утеулиева Раушан апайымыз

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жайлганова Камила апайымыз

Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі: Жұманов Серік ағайымыз

Бүгінгі өткізілетін спорттық эстафетаның бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1-кезең: «Доппен жүгіру»

2-кезең: «Дене жаттығулары»

3-кезең: «Скакалкамен секіру»

4-кезең: «Белбеу»

5-кезең: «Капитандар сайысы»

6-кезең: Қорытындылау, марапаттау.

2-Жүргізуші: Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт, 

Мықты болсаң заманыңды көктеп өт дей отырып сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.

1-команда: «Алғырлар»

Ұраны: «Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз!»

2-команда: «Тапқырлар»

Ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске!»

3-команда: «Жүйріктер»

Ұраны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой!»

1-Жүргізуші: Кешімізге қатысыңыздар, қолдаңыздар,

Есептен шет қалмаңыздар,

Ойынды да ойнаңыздар,

Жайбарақат қалмаңыздардей отырып ойнымыздың бірінші турын бастаймыз.

I-Кезең. «Доппен жүгіру»

Шарты: мына бөгеттерден доппен жүгіріп, кедергілерден өтіп, тапсырмалар столына жетіп, математикалық тапсырма алып, оны шешіп беру керек.  Сол жолмен қайтып барып, эстафетаны ары қарай жалғастыру керек. Шығарылған есепке 2 ұпай беріледі және бірінші эстафетаны аяқтаған командаға 5 ұпай қосылады.

(Тапсырмалар столдың үстінде тұрады.)

2-Жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың,

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін»

Нағыз пән математика атанғансың!дей келе қазылар алқасы ұпайды есептеп болғанша II-кезеңнің шарттарымен таныстыра кетейік.

II-Кезең. «Дене жаттығулары» (Сергіту сәті)

Шарты: Біз бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық фигураны жасайсыздар. Үш топ сайысады. Кім бірінші болады, әділ қазылар алқасы анықтап 1-5 балға дейін бағалайды.

  1. Тік төртбұрыш
  2. Үшбұрыш
  3. Шеңбер
  4. Түзу
  5. Шаршы
  6. Бұрыш

1-Жүргізуші: Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер,

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер!

III-Кезең. «Скакалкамен жүгіру»

Шарты: Команданың екі мүшесі бірге скакалкамен  секіріп, тапсырма столына жүгіріп баруы керек. Тапсырма алып оны орындау қажет. Шығарылған әрбір есепке 2 ұпай беріледі және ойынды бірінші аяқтаған командаға 5 ұпай қосылады.

2-Жүргізуші: «2030- дың бағдарлы биігі,

Білімнің еншісі мұны әркім біледі,

Сондықтан достар-ау дарынды қайрайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді» дей отырып “Бинұр” тобының орындауында би.

IV-Кезең. «Белбеу»

Шарты: Команда мүшелері бір белбеудің ішінде тұрып тапсырма столына жету керек. Логикалық тапсырма алып оны орындау керек. Есепті дұрыс шығарған командаға 1-5 ұпайға дейін және ойынды бірінші аяқтаған командаға 5 ұпай қосылады. 

1-Жүргізуші: «Игеріп атом күшін игілікке,

Бұл күнде ғылым саны тұр биікте

Ойлап тапқан бәрін де адам миы

Сондықтан бас иемін жүйріктікке» дей отырып ойынымыздың келесі кезеңіне өтейік.

V-Кезең. «Капитандар сайысы»

Шарты: Әр команда капитанына 1 минут уақыт беріледі, Осы берілген уақыт ішінде санға байланысты мақал-мәтел айту керек. Бір мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі. Айтылған мақал мәтелдердің санына қарап әділ қазылар ұпай санын шығарады. Қазылар алқасы ұпайды есептеп болғанша 7«К» сынып оқушысы Әлжанов Даниярдың орындауында  “Самға қазақ” әнін тамашалаңыздар.

VI-Кезең. Қорытындылау, марапаттау.

2-Жүргізуші: Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көрдіңіздер,

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздердей келе әділ-қазылар алқасына сөз берейік.

Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

1-Жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамызба жаман болсақ,

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!