“Біздің елдің жігіттері” атты 8-сыныптардың ұлдар арасында сайыс. » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Біздің елдің жігіттері” атты 8-сыныптардың ұлдар арасында сайыс.
12
ноябрь
2019

“Біздің елдің жігіттері” атты 8-сыныптардың ұлдар арасында сайыс.

Тақырыбы: 

“Біздің елдің жігіттері” атты 8-сыныптардың ұлдар арасында сайыс.

Мақсаты: 

Оқушылар арасында ұлттық сәндік қолөнерді кеңінен насихаттап, шеберліктерін арттыру, ой-өрісін дамыту;

Сыныптар:

1. 8А          2. 8Ә          3. 8Б           4. 8В          5. 8Г           6. 8Д

7. 8Е          8. 8З           9. 8Ж                   10. 8И

         Әр топтан екі ұл қатысады, өздерін таныстырады, жұмысын қорғайды. Сұрақтарға жауап береді.

1-тур: Өзін-өзі таныстыру.

2-тур: Жасалған жұмысты қорғау.

3-тур: Сұрақтарға жауап беру.


         Әділ қазылар алқасы:

№26 жалпы білім беретін мектеп директоры: Сейтахметова Галя Ақылбековна;

Директордың оқу тәрбие ісінің орынбасары: Камила Мурсаловна;

Директордың оқу тәрбиесінің орынбасары: Гулмира Шабанбаевна;

Эстетикалық пәндер әдістемелік жетекшісі: Алма Алимбековна;

Көркем еңбек пәні мұғалімі: Тұрысбек Сайран;

Бейнелеу пәні мұғалімі: Айгүл Сакеновна;

Ортаға Дүйсенбай Гүлзат Берікқызын “Құтты ұям” әнімен шақырамыз.

(Жүргізуші шығады:)  Біздің елдің жігіттері

                                      Еліміздің үкілеген үміттері

                                      Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық

                                     Әр сыныптан жиналған үміткері, - дей келе ортаға барша сайыскерлерді шақырамыз. (кезекпен сыныптарды атап шақырады.)

(Жүргізуші:) Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек:

1. №26 жалпы білім беретін мектеп директоры: Сейтахметова Галя Ақылбековна;

2. Директордың оқу тәрбие ісінің орынбасары: Камила Мурсаловна;

3. Директордың оқу тәрбиесінің орынбасары: Гулмира Шабанбаевна;

4. Эстетикалық пәндер әдістемелік жетекшісі: Алма Алимбековна;

5. Көркем еңбек пәні мұғалімі: Тұрысбек Сайран;

6. Бейнелеу пәні мұғалімі: Айгүл Сакеновна;

(Жүргізуші:) Сайысымыз үш кезеңнен тұрады:

                                               1-тур: Өзін-өзі таныстыру.

2-тур: Жасалған жұмысты қорғау.

3-тур: Сұрақтарға жауап беру.

Ал енді сайыскерлерімізді орындарына баруды сұраймыз.

Жүргізуші:  Ортаға келді біздің дарындылар

                   Сайыста барын салып, бағын сынап

                   Сайыстың ең алғашқы кезеңінде

                   Өздерін кереметтеп таныстырар.

Сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Ортаға 8А сыныбының сайыскерлерін шақырамыз. Кезекпен сыныптарды таныстыра береді.

Жүргізуші: Әділ қазы әділдігін бағалайды.

Жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңінде балалар өздері жасаған, жұмыстарды таныстырады және қорғайды.

Жүргізуші:   Құлақтан кіріп бойды алар,

                   Әсем ән мен тәтті күй

                   Көңілге түрлі ой салар

                   Әнді сүйсең менше сүй.

Кезекті музыкалық сәлем.

Жүргізуші: Сөз кезегі әділ қазылар өздеріңізде.

Жүргізуші:         Білекті бірді жығар,

                   Білімді мыңды жығар, 

Олай болса сайыскерлерді сұрақ-жауап сайысына шақырамыз. Әділ қазылар алқасының алдынан асықтарды алады.

Берілген асық асық нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап береді.

Жүргізуші:  Қарайық әділ қазы алқасына,

                   Баға берсе дарындынң баршасына.

Жүргізуші: Қазылар алқасының қорытынды ұпай саны шыққанша кезекті музыкалық сәлемдемеге береді.

  1. Ән

Жүргізуші: Қорытынды сөз, мектеп директоры Галя Ақылбековнаға беріледі.