Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл мерекесі – ел
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл мерекесі – ел берекесі» тақырыбында тілдер мерекесі өтті. Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың