"Соңғы қоңырау"
26 мектепте 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты 1,11- сыныптар арасында "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны онлайн форматында өткізілді. Мектеп басшысы Сейтахметова Галя Акылбекқызы жас түлектерді, оқушыларды, ата-аналарды құттықтап, ақ жол тіледі. Жазғы демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігіне байланысты сақтық шараларын ұстауға шақырды.