Материалы за 21.04.2021 » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық пәндер олимпиадасы
21
апрель
2021
Республикалық пәндер олимпиадасы
2020-2021 оқу жылында республикалық пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша мектебіміздің 11"А"сынып оқушысы Секен Айзада І орынды иеленді.  Марапатыңыз құтты болсын!!!  Алдымыздағы республикалық пәндер олимпиадасының соңғы республикалық кезеңінде Айзадаға сәттілік тілейміз!!!
"Ұлы дала көшпенділер әлемі"
21
апрель
2021
"Ұлы дала көшпенділер әлемі"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай балалардың белсенділігін көрсететін "Ұлы дала көшпенділер әлемі" атты қашықтан ұйымдастырылған аудандық бейнежазба байқауына мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Секен Ажар Дарханқызы қатысып, ІІІ орынды иеленді. Марапатыңыз құтты болсын!!!
"Мен ақылдымын" атты викторина жарысы
21
апрель
2021
"Мен ақылдымын" атты викторина жарысы
Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған "Ғылым қызметкерлері" күніне орай "Мен ақылдымын" атты викторина жарысына мектебіміздің 8 "Ә" сынып оқушысы Ақәділқызы Айерке қатысып, ІІІ орынды иеленді.
"Би әлемі" байқауы
21
апрель
2021
"Би әлемі" байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында және Халықаралық би күніне орай аудан мектептері оқушыларының арасында қашықтықтан өткен "Би әлемі" байқауына мектебіміздің "Бинұры" бишілер тобы қатысып, ІІ орынды иеленді. Марапаттарыңыз құтты болсын!!!
"Қазақтың дәстүрлі мәдениеті" атты ұстаздар арасында іс-шара
21
апрель
2021
"Қазақтың дәстүрлі мәдениеті" атты ұстаздар арасында іс-шара
№26 жалпы білім беретін мектепте "Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан" атты эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің он күндік аясында "Қазақтың дәстүрлі мәдениеті" атты ұстаздар арасында іс-шара өткізілді. Мақсаты:Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді, мәдени мұрамыздың асыл қазынасын қадірлеп, жаңғырту. 1. Қазақ халқының бай материалдық мәдениетін дәріптеу; 2. Ұмыт бола бастаған өшпес құндылықтарымызды жоғалтпау; 3. Рухани мәдениетіміз бен материалдық мәдениетімізді болашақ ұрпақтың бойына