Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Елімнің ертеңі—Мен, Жас Ұлан!" тақырыбында "Жас Ұлан"  ұйымына қабылдау
14
декабрь
2020
"Елімнің ертеңі—Мен, Жас Ұлан!" тақырыбында "Жас Ұлан" ұйымына
14.12.2020 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте, Тәуелсіздік мерекесіне орай "Елімнің ертеңі—Мен, Жас Ұлан!" тақырыбында "Жас Ұлан"  ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
"16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі"
14
декабрь
2020
"16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі"
14.12.2020 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы №26жалпы білім беретін мектепте "16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі" қарсаңында мұғалімдерді марапаттау жиыны өткізілді.  Марапаттау жиыны: Алатау аудандық білім бөлімінің марапаты, Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары NurOtan партиясының марапаты және Ұстаз кәсіподақ ұйымының төрағасының марапатымен біздің мектебіміздің ұстаздары мадақтама  және алғыс хатқа ие болды
"Абайлаңыз өрт"
14
декабрь
2020
"Абайлаңыз өрт"
№26 жалпы білім беретін мектебінде оқушыларды  өрт  қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру мақсатында  "Абайлаңыз өрт"  тақырыбында  түсіндірмелі  жұмыстар  жүргізілді. Онлайн түсіндіру барысында өрттен сақтану нұсқаулығымен  таныстырылды, сонымен қатар ата-аналарға да өрт қауіпсіздік  шараларын сақтау керектігі туралы ескертілді. Жалпы мектеп бойынша 5-7 сыныптардан 35 сынып оның ішінде 100 оқушы, 100 ата -ана қатысты. Қосымша ватсап желісі арқылы әр топқа ескертпе парақшалары, бейнеролик
“Арайлы алтын күз!”
24
ноябрь
2020
“Арайлы алтын күз!”
 “Арайлы алтын күз!” Сыныбы:  4 «Д» Сынып сағатының мақсаты: Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністер-ді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Кітап –біздің досымыз
23
ноябрь
2020
Кітап –біздің досымыз
Сынып сағаты : Кітап –біздің досымыз  Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу  Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері. «Кітап – жан азығы», «Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов.   
Күзгі уақыт  Міржақып Дулатұлы «Күз»
20
ноябрь
2020
Күзгі уақыт Міржақып Дулатұлы «Күз»
Барлық оқушылар білуге тиісті: Автордың өмірі мен өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін біледі                             Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс  әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін  салыстырады                                                               Кейбір оқушылар білуге тиіс:      Өлең құрастырып, дәлелдермен түсіндіреді Ұйымдастырушы: Таранчиева Гаухар
Берекелі,мерекелі алтын күз!
19
ноябрь
2020
Берекелі,мерекелі алтын күз!
1.Балаларға күзгі табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру, жеміс-жидектер, көгөністер туралы білімдерін кеңейту 2.Оқушылардың шығармашылық іскерлігін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету 3.Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға және еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін арттыру
Күзгі табиғат жырлары
19
ноябрь
2020
Күзгі табиғат жырлары
Бойларыңда от бар екен байқадым,  Жүректерде шоқ бар екен байқадым.  Әрқашанда осы шоқты өшірмей,  Жалындатып, шарықтаңдар, әрдайым.  Ырысымыз несібеміз мол болсын,  Күзгі бақта жапырақтар жайнасын.  Мынау бейбітшілік заманда,  Бүлдіршіндер күлім қағып ойнасын. Күз жақсылықтарға толы болып, молшылыққа кенеле берейік.  Жауапты мұғалімдер: Бурунбаева Г.К.  Алдибекова Н.Д.