Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару
11
февраль
2020

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару

Сынып: 6 «Б»               Пәні: математика    Пән мұғалімі: Кузенбаева Айсулу            
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары6.2.2.10  түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;
6.2.2.11 алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді   теңсіздіктерге келтіру;
6.2.2.12 теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;
6.2.2.13 теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу.
Сабақтың мақсатыБарлық оқушылар:  түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;
Басым  оқушылар: алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді      теңсіздіктерге келтіру;
Кейбір оқушылар: теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;
- Кейбір оқушылар: теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу.
Бағалау критерийіБарлық оқушылар:   түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешеді;
Басым  оқушылар:  алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді   теңсіздіктерге келтіреді, есеп шығарады;
- теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндейді;
- теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазады, күрделі есептер шығарады
Тілдік мақсаттар-Ғылыми сауатты, математикалық тілде сөйлеу дағдылары қалыптасады; 
-Тақырыпқа байланысты жаңа терминдерді еске түсіріп, мағынасын талдайды (сызықтық теңсіздік, айнымалы, теңсіздікті шешу, мәндес теңсіздіктер) 
Құндылықтарға баулу
  • «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген рухани құндылықтарын меңгерген;
  • Оқу мен тәрбие бағыттарын жылдам қабылдап, өз көзқарасын дәлелдей білетін;
  • Тәрбие мен білім арқылы үздіксіз шығармашылық жасауға бейімделген тұлғаны қалыптастыру;