Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Есіңе мені алғайсың" а
15
февраль
2023
"Есіңе мені алғайсың" а
Алматы қаласы Алатау ауданы  №26 жалпы білім беретін мектепте мұзбалақ ,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың  ,"Есіңе мені алғайсың" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.  Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.  Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі
“Ерлігі  ертеңге үлгі…”
14
февраль
2023
“Ерлігі ертеңге үлгі…”
№26 жалпы білім беретін мектепте  8 сыныптар арасында “Ерлігі  ертеңге үлгі…” атты ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты оқушылардың  елге, жерге  деген патриоттық  сезімдерін оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қатысқан қонақтар:  Айдарбаев Алмасбек Рахымкулович - Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің “Намыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джулдасбаев Берик Даулетханович - Ауған соғысының ардагері.
Ғ.Мұстафиннің -120 жыл толуына орай,кітап көрмесі
13
февраль
2023
Ғ.Мұстафиннің -120 жыл толуына орай,кітап көрмесі
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында Қазақстан халық жазушысы,қоғам қайраткері Ғ.Мұстафиннің -120 жыл толуына орай,кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге 7 "Л" сынып білім алушылары қатыстырылды. Көрменің мақсаты: Білім алушыларға Ғ.Мұстафин туралы мәлімет беру,алған білімдерін қорыту,жинақтау,шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.          Кітапхана меңгерушісі: Мергенбаева А.К
"Түркі әлемінің генезисі"
12
февраль
2023
"Түркі әлемінің генезисі"
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында "Түркі әлемінің генезисі" жобасы аясында "Қожа Ахмет Яссауидің туылғанына-930 жыл" толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 7 "Л" сынып білім алушылары қатыстырылды.              Көрменің мақсаты: Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің бай мұрасын білім алушыларға насихаттау.   Кітапхана меңгерушісі: Мергенбаева
Киокушинкай Каратэ спорт түрінен
11
февраль
2023
Киокушинкай Каратэ спорт түрінен
Киокушинкай Каратэ спорт түрінен Ресейде өткен  VIII «Кубок Омска» чемпионатынан  1 орын иегері: 11 "Ә" Елжанов Асылбек. Жеңіс құтты болсын!
“Altyn Urpaq”
10
февраль
2023
“Altyn Urpaq”
Дүниетану. Жаратылыстану пәндерінен 1-4 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Altyn Urpaq” олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Қуанышқызы Динаят.   Құттықтаймыз!💐  Сынып жетекшісі: Бахтыбай Ақбота Балтабайқызы
«Мәдениет және дебаттық қозғалыс»
09
февраль
2023
«Мәдениет және дебаттық қозғалыс»
Алматы қаласы Алатау ауданы № 26 жалпы білім беретін мектепте  өзін-өзі басқару ұйымының  «Мәдениет және дебаттық қозғалыс» фракциясы  жұмыс жоспары аясында  «21 ғасыр ең қажетті мамандығын атайды» тақырыбында 10-сынып білім алушыларымен дебат өткізілді. Мақсаты: оқушы бойындағы мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
«Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын қалыптастыру»
08
февраль
2023
«Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын
«Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын қалыптастыру» фасилитациялық сессиясы 2023 жылдың 01-ақпанында №26 жалпы білім беретін мектебінде«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы республикалық кәсіби даму институтымен бірлесіп математика-информатика онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен  4 К дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында фасилитациялық сессия өткізді.  Сессия барысында 
"Жас информатиктер"  интеллектуалды ойыны
07
февраль
2023
"Жас информатиктер" интеллектуалды ойыны
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте 02.02.2023ж күні математика және  информатика пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай 8 -  сынып оқушылары арасында "Жас информатиктер"  интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты:     Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ойындарға көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ұйымдастырушы информатика пәні мұғалімдері: Белденбаева М., Байбалақова З., Алинова М.
«Ұлттық өнерді ұлықтайық»
06
февраль
2023
«Ұлттық өнерді ұлықтайық»
Алматы қаласы Алатау ауданы № 26 жалпы білім беретін мектепте  өзін-өзі басқару ұйымының  «Ақпарат» фракциясы  жұмыс жоспары аясында  «Ұлттық өнерді ұлықтайық» тақырыбында 6 –сынып білім алушыларымен қол өнерден шеберлік сабақтары  өткізілді. Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, өнерге қызығушылығын дамыту.