«Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын қалыптастыру» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын қалыптастыру»
08
февраль
2023

«Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын қалыптастыру»

«Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен 4 К дағдыларын қалыптастыру» фасилитациялық сессиясы

2023 жылдың 01-ақпанында №26 жалпы білім беретін мектебінде«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы республикалық кәсіби даму институтымен бірлесіп математика-информатика онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен  4 К дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында фасилитациялық сессия өткізді. 
Сессия барысында  республикалық кәсіби дамыту институты «Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ХАА академигі Жартынова Жанар Алибековна, заманауи педагогикалық технологиялар трендтері бойынша,   аға оқытушы, п.ғ.м., Жаксым Орынбек Исаұлы -  «STEAM-ды заманауи мектептің білім беру ортасына  енгізудің жаһандық мақсаттары» тақырыбында ғылыми жобаға білім алушыларды қалай қызықтыру керектігі жөнінде ой қозғады,  аталған институттың аға оқытушысы, п.ғ.м., Іркітбай Ғалым Бұлтұлы – «Оқытуды қызықты және нәтижелі ұйымдастырудағы АКТ мүмкіндіктерін»  тапсырмалар дайындауда тиімді пайдалану бойынша баяндамалар жасады және №26 ЖББМ информатика пәні мұғалімі Белденбаева Меруерт Тоқтақынқызы «Заманауи педагогикалық технологиялар көмегімен  4 К дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында тәжірибелік жұмыс жүргізді
Сессияға қатысушылар уақыт талабына, сұранысына сәйкес мазмұнды баяндама жасап, тиімді кеңес-ұсыныстарымен бөліскені үшін спикерлерге алғыстарын білдіріп, ұйымдастырылған сессияның маңызы зор болғанын атап айтты.