«Адал Ұрпақ» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2022

«Адал Ұрпақ»

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. 
       Осындай міндеттерді негізге ала отырып, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының  жылдық жоспары бекітілді. Үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрышы жұмыс жасайды. 
Бұрыштың басты мақсаты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.Жоспарға сай 9-сынып оқушыларынан клуб мүшелері тағайындалды.
    Сондай ақ, жастарды табанды еңбек етуге және тұлғалық дамуға  шақыру.Жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік,құрамдас бөлігі – еңбек.