Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып жетекшілер, балаларды қарап қадағалаңыздар!
24
февраль
2026
Сынып жетекшілер, балаларды қарап қадағалаңыздар!
Сынып жетекiілер, балаларды қарап қадағалаңыздар! Көктем уақытында бала бойында өзгерістер байқалады, әсіресе үндемейтін, тыныш жүретін оқушылар  арасында  психологиялық ауытқу болуы мүмкін, өз алдарыңызда отырған оқушыларды бақылап, өзгеріс болып жатқанын дер кезінде біліп отырыңыздар!!! Бізге хабарлаңыздар! 24.02.
1 "Л" сыныбында "Адал адамзат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл". Қауіпсіздік сабағы "Есік қағылды қауіпті қалай тануға болады?"тақырыбында сынып са
18
февраль
2026
1 "Л" сыныбында "Адал адамзат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
1 "Л" сыныбында "Адал адамзат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл". Қауіпсіздік сабағы "Есік қағылды қауіпті қалай тануға болады?"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру; -Ұлы тұлғаға деген құрмет сезімін қалыптастыру; -Оқушылардың ойлау, сөйлеу, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; Отанға,ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. - Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханасында ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебіміздің
Көрмеге 7 «Ж» сынып оқушылары белсене қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Оқушылар жүрекке жеткен жыр жолдарын оқып, өз ойларымен бөлісті. Кітапхана қорындағы ақынның жыр жинақтары, естеліктері мен зерттеу еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали поэзиясын насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Мұқағали жырлары – ұлт жүрегінің үні, сезімнің сырлы әлемі. Кітапхана меңгерушісі;Мергенбаева А.К
"Жақсыдан қашпа, жаманға баспа: баланы тәуелділікке апаратын қате қадамдар" тақырыбында әкелер форумы өтілді.
12
февраль
2026
"Жақсыдан қашпа, жаманға баспа: баланы тәуелділікке апаратын қате
 Форумның мақсаты: Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, жасөспірімдерді түрлі тәуелділіктерден қорғаудағы дұрыс және қате қадамдарды талқылау, ата-аналық жауапкершілікті арттыру. Форум барысында ата-аналармен психологиялық тренинг өтілді, баланың тәуелділікке түсуі және оның алдын алу стратегиясы мен тиімді жолдары туралы баяндама оқылды, мектеп инспекторымен жасөспірімдер арасында жиі болатын құқықбұзушылық мәселелері талқыланды, өмірліа оқиғалардан құралған бейнематериалмен
5 “Ә” сынып оқушылары  ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай “Поэзия,менімен егіз бе едің?!” атты  әдеби сазды кеш өткізді
09
февраль
2026
5 “Ә” сынып оқушылары ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай
Кеш барысында  білім алушылар ақынның өлеңдерін  жатқа оқыды. Өз шығармашылығынан  арнау арнап, сурет көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Ақын өлеңдерін кеңінен  насихаттау,  өлеңдері  арқылы білім алушылардың  шабытын шыңдау,  Отаншылдыққа  тәрбиелеу.  Елін,жерін шексіз сүюге  тәрбиелеу.📚💝💫 Сынып жетекшісі:Сисенова М.А
“Ағашқы өрт сөндіруге көмек көрсету”тақырыбын түсіндірме жұмысы жүргізілді.Мақсаты:Өрт қауіпсіздігінің мақсаты — өрттің алдын алу және өрт болған жағдайда оның зардаптарын барынша азайту.
02
февраль
2026
“Ағашқы өрт сөндіруге көмек көрсету”тақырыбын түсіндірме жұмысы
Нақтырақ айтқанда, негізгі мақсаттары: 👥 Адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау 🏢 Мүлікті, ғимараттар мен жабдықтарды сақтау 🔥 Өрттің шығу себептерін болдырмау 🚒 Өрт кезінде тез және қауіпсіз эвакуацияны қамтамасыз ету 🌍 Қоршаған ортаға келетін зиянды азайту Қысқасы, өрт қауіпсіздігі — қауіптің алдын алу + дайын болу + дұрыс әрекет ету.
№26 жалпы білім беретін мектептің 1 “Г” сынып оқушысы Нұрақын Алау Берікқызы “Ұлы Дала Ұландары” атты республикалық балалар байқауы
03
декабрь
2025
№26 жалпы білім беретін мектептің 1 “Г” сынып оқушысы Нұрақын Алау
Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 1 “Г” сынып оқушысы Нұрақын Алау Берікқызы “Ұлы Дала Ұландары” атты республикалық балалар байқауына көркемсөз жанры бойынша қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Булекшурина М.Ж.
«Жақсы кітап — жан азығы» эссе
12
ноябрь
2025
«Жақсы кітап — жан азығы» эссе
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 10 "А" сынып оқушылары арасында «Жақсы кітап — жан азығы» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушыларды кітап оқуға баулу, көркем әдебиет арқылы ой өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту және жазбаша ойды жүйелі жеткізуге үйрету. Байқау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кітаптың адам өміріндегі рөлі, рухани байлық пен тәрбие көзі ретіндегі маңызын шығармашылық тұрғыда ашып көрсетті. Сынып
"Қыран елім - Қазақстаным" бойынша 6 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты танымдық сағат өтті.
16
октябрь
2025
"Қыран елім - Қазақстаным" бойынша 6 «Г» сынып оқушыларының
№26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында патриоттвқ акция "Қыран елім - Қазақстаным" бойынша 6 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушылар кітапхана қызметімен, кітап қорының байлығымен және кітапхананың қоғамдағы рөлімен танысты. Кітапханашы кітаптың адам өміріндегі маңызы, оқу мәдениеті мен ақпаратты дұрыс пайдаланудың жолдары туралы мазмұнды әңгіме жүргізді. Оқушылар өз сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп,