12
февраль
2026
"Жақсыдан қашпа, жаманға баспа: баланы тәуелділікке апаратын қате қадамдар" тақырыбында әкелер форумы өтілді.
Форумның мақсаты: Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, жасөспірімдерді түрлі тәуелділіктерден қорғаудағы дұрыс және қате қадамдарды талқылау, ата-аналық жауапкершілікті арттыру. Форум барысында ата-аналармен психологиялық тренинг өтілді, баланың тәуелділікке түсуі және оның алдын алу стратегиясы мен тиімді жолдары туралы баяндама оқылды, мектеп инспекторымен жасөспірімдер арасында жиі болатын құқықбұзушылық мәселелері талқыланды, өмірліа оқиғалардан құралған бейнематериалмен таныстырылып, әртүрлі ситуациялық жағдайлардан дұрыс шығу тәжірибиелерімен алмасты, баланың өмірінде әкенің ерекше рөлі туралы ата-аналар өз пікірлерін айтып, форум соңында кері байланыс жасады.