Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
декабрь
2020

Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы

         Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте 23.12.2020 жылы «Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы» тақырыбында  онлайн түрінде  аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және  алатау ауданы Білім бөлімінің аға әдіскері Смагулова Әлия Белгибаевна қатысты. Семинар жоғары деңгейде өткізілді. Семинарды мектеп директоры Сейтахметова Галя Акылбекқызы ашып берді. Семинар барысында «Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нуртаев Жанторе Нұржауұлы баяндама оқыды. «Отбасы - тәрбие басы, мектеп оның жаршысы» тақырыбында 7«Л» сынып жетекшісі Жақанова Назым Жақанқызы сынып сағатын өткізді. «Тәрбие психологиясы» тақырыбында мектеп психологі Нысамбаева Әйгерім Кенжебайқызы кеңес берді. Республикалық байқаулардың жеңімпазы 6«Ж»  сынып оқушысы Сүлейменов Шалқардың орындауында «Мен қазақпын» әні шырқалды.   
Қорытындылай  келе: «Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» дегендей Мағжан Жұмабаевтың ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек. Олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүрген заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары екенін  ұмытпаған жөн – деп, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Кушалиева семинарды аяқтады.