Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ертегілер әлеміне сыр шертейік" атты бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде ертегілер оқу ұйымдастырылды
14
апрель
2023
"Ертегілер әлеміне сыр шертейік" атты бастауыш сынып оқушыларына
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегілер әлеміне сыр шертейік" атты бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде ертегілер оқу ұйымдастырылды.Шараға 1 "Г"сынып білім алушылары қатыстырылды.   Мақсаты: Білім алушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерілерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру.   Кітапхана меңгерушісі: Мергенбаева А.К  Сынып жетекшісі: Таранчиева Г
«Ойлан, ойна, тап»  сергіту танымдық ойын
14
апрель
2023
«Ойлан, ойна, тап» сергіту танымдық ойын
Білім алушылардың білім деңгейлерін, ізденіс, ұйымшылдық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Әр түрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып жаратылыстану пәніне қызығушылығын, білім деңгейін арттыру.
«Жасыл Алматы» бағдарламасы
13
апрель
2023
«Жасыл Алматы» бағдарламасы
Алматыда 1 миллион ағаш отырғызу бойынша «Жасыл Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын табады. Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаевтың  айтуынша, қалада 4 миллионнан астам ағаш өседі.  осыған орай мектебімізде мектеп ауласына жасыл шыршалар отырғызылды
География қабықтарының сырлары
13
апрель
2023
География қабықтарының сырлары
География қабықтары: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера туралы алған білімдерін нығайта отырып, білім алушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Табиғатты аялауға, отансүйгіштікке баулу. Шығармашылық қабілеттерін арттыру, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру.  Дегенбаева Бакыткул Нуралиевна Құрбанова Жұлдыз Ерғалиқызы
«Білгір географ» макет қорғау сайысы
12
апрель
2023
«Білгір географ» макет қорғау сайысы
      Байқаудың мақсаты:        Білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балалар тобын анықтау және қолдау, география  пәні бойынша танымдық қызығушылықтарын арттыру.         Міндеттері:        Білім алушыларда география пәні бойынша шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу;        Туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы макет қорғаушылардың өнерлерін  арттыру, эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.
“Қош келдің Әз-Наурыз!”
11
апрель
2023
“Қош келдің Әз-Наурыз!”
№26 жалпы білім беретін мектепте “Қош келдің Әз-Наурыз!” Тақырыбында 8 г,д,е,ж,м сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны дәріптеу. Қатысқан оқушылар саны: 285; қонаққа Шаңырақ-2 ықшам ауданының ардагер әжелері Зейнекен апа және Салиха апа оқушыларды Наурыз меркесімен құттықтап шашуларын шашып, батасын берді.
«Ғылыми-жаратылыстану»  пәндері  әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің 2022-2023 оқу жылындағы    онкүндігің  ашылу салтанаты
11
апрель
2023
«Ғылыми-жаратылыстану» пәндері әдістемелік бірлестігі
     Пән бойынша білім стандартын толық меңгерген,  функционалды сауатты, мәдени-экономикалық бәсекеге  икемді,  ұлттық құндылықты бойына сіңірген,  елін сүйетін   ұлтжанды,  еңбексүйгіш , өнегелі,  білімді   жеке  тұлғаны  қалыптастыру .     Армысыздар , оқушылар, мұғалімдер, әз жандар     Білім іздеп инемен құдық қазғандар     Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді     Бүгінгі 10- күндіктің ашылу салтанатында     Табиғаттың құпиясы тұңғиық     Көз жетпейтін мұнарасы тым биік   Білген сайын сырын
«Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық-технологиялардың рөлі»
11
апрель
2023
«Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық-технологиялардың рөлі»
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық-технологиялардың рөлі» тақырыбында 20 ақпаннан  20 наурыз аралығында  ұйымдастырылған  іс-шараларға ✓26жалпы білім беретін мектептің білім алушылары және мектеп ұжымы қатысып, "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік мектеп»Дипломымен марапатталды.
«Қазақтың ұлттық ойыны –асық» викториналық ойыны
10
апрель
2023
«Қазақтың ұлттық ойыны –асық» викториналық ойыны
       Қазақтың ұлттық ойынын дәріптей отырып ,ерекшелігін түсіндіру,ойлау қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. 
"Бейбарыс сұлтанның ерлігі"
09
апрель
2023
"Бейбарыс сұлтанның ерлігі"
№26 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптар арасында Бейбарыс Сұлтанның туылғанына 800 жыл толуына байланысты сынып сағаты өткізілді. Оқушыларды Бейбарыс сұлтанның өмірі ,балалық шағы, батылдығы мен қайсарлығы, табандылығы, елін қорғаудағы ерлік істерін танып - білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.