23
сентябрь
2025
11-сынып оқушыларының ұл-қыздарының арасында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
2025 жылдың 23 қыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларының ұл-қыздарының арасында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. "Ауған жаңғыры" деп аталған бұл тағылымды шараның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихымыздың маңызды беттерін еске түсіру және соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеу болды.
Кеш барысында Ауғанстан соғысының және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектерінің Алматы қаласы Алатау ауданы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдарбеков Алмасбек Рахымқұлұлы өз естеліктерімен бөлісіп, сол бір ауыр жылдардағы жауынгерлік борыштарын айтып өтті. Сонымен қатар кешке Алатау аудандық Тәрбие және идеологиялық жұмыстар тобының бастығы лейтенант Узехан Еркежан Қайратқызы қатысты.Кездесу өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор кеш ретінде өтті.