17
февраль
2023
“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ”
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте 15.02.2023ж күні сағат 12.00 де “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбында 8,9,10,11 сынып қыздары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысқандар: Алатау АПБ ЖПҚБ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігін ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры А.Асемкараева, Алатау АПБ ЖБҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы аға инспекторы полиция майоры М.М.Нурадилова, мектеп директоры Г.А. Сейтахметова және мектеп инспекторлары қатысты. Білім алушылар сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.