«Құқық бұзушылықтың алдын алу» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2021

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»

Алматы қаласы №26 ЖББ мектептің 9,10,11-сынып білім алушылары арасында Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Жанпеисова Лайла Төлеуғабденқызы, Алматы қалалық №22 емханасының гинекологі Шәріп Әдемі Ғабитқызы, мектеп психологі Қалиева Мақпал Темірәліқызы және директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ш.Кушалиевамен бірлесіп «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында  «зорлық-зомбылықты болдырмау», «Ерте жыныстық қатынастың алдын алу» және «Аутодиструктивтің алдын алу жолдары» тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Алатау ауданы полиция басқармасының ЖАДЫНАМАСЫ өзіңді жыныстық зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады? (жасөспірімдерге арналған ақпарат) білім алушыларға таратылып берілді. Жиналысқа қатысқан оқушы саны -450.
 9,10,11 сыныптарға ата-аналар жиналысы сағат 16.00 де өткізілді. Жиналысқа қатысқан ата-ана саны -240. Ата-аналарға Алматы қаласы Білім басқармасының  «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен берілген «Мектеп жарғысы бойынша ата-ананың жауапкершілігі туралы ақпарат парағы» таныстырылды. Сонымен қатар «зорлық-зомбылықты болдырмау», «ерте жыныстық қатынастың алдын алу» және «Аутодиструктивтің алдын алу жолдары» тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.