Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БП әлеуметтік желілердің (интернет) пайдасы көп деп есептейді»
06
декабрь
2022

«БП әлеуметтік желілердің (интернет) пайдасы көп деп есептейді»

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында «БП әлеуметтік желілердің (интернет) пайдасы көп деп есептейді» тақырыбында 10-сыныптар арасында дебат өткізілді. 
   Мақсаты: 
-    әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге дағдыландыру, оның тиімді пайдалану жолдарын анықтау;-     сандық сауаттылығын арттыру;-    оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру;-    өз көзқарастарын еркін білдіріп, сыни тұрғыдан ойлауға тәрбилеу.    Дебат барысында «Үкімет» және «Оппозиция» топтары тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында өз пікірлері мен аргументтерін ұсынды. Статистика бойынша мәліметтерге сүйеніп, нақты ақпараттармен бөлісті.
                 

    Дебатқа қатысушылар тақырыпқа өзіндік зерттеу жүргізгені, көзқарастарын нақтылап, екіжақты пікірді ұстана білетіндері ойын барысында көрініс тапты. Сондай-ақ, білім алушылар жүйелі түрде сөйлеп, сөздік қоры мен тіл байлықтарының жоғары дәрежеде қалыптасқандығын көрсете білді.       
     Дебат соңында ұйымдастырушылар мен сарапшылар орын алған олқылықтарды атап өтіп, пікірлерін, көзқарастарын білдірді. Келесі дебатқа ұсыныстар айтылды.