«Ұшқыр ой алаңы» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2022

«Ұшқыр ой алаңы»

Алматы  қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау  және қолдау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отырған «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің аудандық кезеңі 2022 жылдың 29 қаңтарында  Алматы қаласы, Алатау ауданының 26 мектебінде мектепішілік кезеңнен жеңімпаз атанған қазақ лигасынан 20 фракция, орыс лигасынан 1 0 фракцияның қатысуымен  онлайн (қашықтық) форматта өтті.  Турнир қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Турнирге Алатау ауданы бойынша 9-11 сыныптардан 26 мектептен 50 оқушы қатысты,  қазақ лигасынан 40 оқушы, орыс лигасынан 10  оқушы қамтылды. 
Алатау ауданы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған фракциялар қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық  турнирге қазақ лигасынан 3  команда (6 оқушы,) орыс  лигасынан  3 команда (6 оқушы )  өтті.  
1 орын: №178 МЛ «Оратор» фракциясы Керімбекова Жібек, Окан Асыл. 
2 орын: №26 ЖББМ «Тоныкөк» фракциясы Юсупов Ақтамберді, Төленбек Еркебұлан.  3 орын: «Талқ-Like» фракциясы Өмірбекова Амина, Нүсіпжан Тоғжан 
Орыс лигасы: 1 орын №166 МЛ «Luceum 166 Debate school», 2 орын: №171 ЖББМ»  «Эрудит» фракциясы Танжарык Аружан, Байгулов Илья  3 орын: «Пифагор» Сулаева Асита, Магаматова Камила 

Турнирде қаралған мәселелер:  
1.    БП адамдар бір-бірімен бәсекелесуге құлшынысы жоқ әлемді таңдайды.2.    БП ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді.3.    БП unschooling-ты (үйде оқытуды) қолдайды.4.    БП Қазақстанда әр облыс пен ірі мегаполистер өз бюджетін дербес басқару керек деп есептейді.5.    Слактивистер – диван белсенділері – қандай да бір мәселені әлеуметтік желі арқылы талқылау («ұнайды» басу, статус қою, пост салу). Мысалы: бес баланың өліміне, Денис Теннің өліміне қатысты жаппай белсенділік. БП Қазақстанда слактивизмнің кең таралуына қарсы.