«Ар ұждан-адамдықтың өлшемі» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2022

«Ар ұждан-адамдықтың өлшемі»

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте 08.11.2022ж  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары аясында 
8-сынып білім алушылары арасында «Ар ұждан-адамдықтың өлшемі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. 
Мақсаты:
-Білім алушыларға ар-ұждан, намыс, абырой туралы дұрыс жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, адалдық пен әділдік, әдептілік пен сыпайылық  қасиеттердің бәрі ар-ұят пен  ұждан тазалығынан туындайтыны туралы түсінік беру. 
Дөңгелек үстел барысында Абай мен Шәкәрімнің адалдық туралы айтқан философиялық  негізгі ой түйінін  ашып, өз пікірлерін ортаға салды. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ұждан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.
Ұйымдастырушы: Аға тәлімгер:Иманбекова М.М.
Мектеп Парламентінің  мүшелері:Көпен Аяна,Абдинаби Толғанай және Жалғасбайқызы Айзере.