Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2022

АТА-АНА – БАЛАҒА КӨШБАСШЫ

АТА-АНА – БАЛАҒА КӨШБАСШЫ

Алатау ауданында орналасқан №26 мектеп мәжіліс залында «Саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру маңыздылығы» тақырыбында форум өтті.  Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы, коуч-тренер Елжас Ертайұлы және мектеп директорлары, психологтар мен  250-ге жуық ата-ана қатысты.  Келушілерді №26 мектептің  өнерлі оқушыларынан құралған оркестр рухты күйімен қарсы алды.  Ал «Алтын сақа» балалар баспасы мен «Зербала» зерек балалар орталығы өз өнімдерімен көрме ұйымдастырды.  Қарлығаш Медербекқызының аудандағы білім ахуалы жайлы баяндамасынан кейін «Сенімен Болашақтың» мақсат-міндеті таныстырылды.  Ал біраз жылдан бері тәрбие тақырыбын зерттеп жүрген балалар педагогы, 5 кітаптың және Empathy.academy,  bala.tarbiesi жобаларының авторы Елжас Ертайұлы тәрбие ісіндегі ұлттық құндылықтар, баланың ортасы мен оның рухани дамуы төңірегінде әңгіме өрбітті. Ата-аналарға баланы тануға, оның қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтап, соны дамытуға шақырды. Қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріп, ақыл-кеңесімен бөлісті.  Ата-аналар үлкен әсер алып тарқасты.