Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

«Мектеп парламенті»

Алматы қаласы Алатау ауданы  №26 жалпы білім беретін мектептің мектеп президенті және  «Өзін-өзі басқару ұйымы», «Мектеп парламенті»  ұйымдардың ұйымдастыруымен  «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында     1 – 7 сынып оқушыларына түсіндірмелі жұмыс жүргізді.  Құттыбек Айшолпан: Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді деп, өз ойын айтты. 
Төленбек Еркебұлан: Әдептілік дегеніміз - әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да – әдептілік екенің түсіндірді.