«Ер адам - парызды, жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы» » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ер адам - парызды, жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы»
15
декабрь
2021

«Ер адам - парызды, жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы»

Алматы қаласы Алатау ауданы 09.01.2021 жылы № 26 жалпы білім беретін мектепте «Өзін-өзі тану» пәнінен «Ер адам - парызды, жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы»  тақырыбында 9 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
    Мақсаты:ер адамның қоғамдағы және отбасындағы орны және оның тұлғалық қасиеттері жөніндегі түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу.     Сабақ барысында оқушылар  халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды,Тәртіпсіз ер болмайды» қанатты сөзін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдап, өмірден мысалдар келтіріп, өз ойларымен бөлісті. «Өмірден абыроймен өту» деген сөздің мағынасын аша отыра, адамның бойындағы мінез-құлық пен қасиеттерді жан-жақты талдай білді.Пән мұғалімі:Бахтирқызы Сандуғаш