Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі»
18
ноябрь
2021

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі»

16.11.2021жылы №26 жалпы білім беретін мектепте «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында Республикалық сабақ өткізу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес «Бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету мақсатында  «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» аясында шаттық 1-11 сынып оқушылары арасында шаттық шеңбері  ұйымдастырылды.
 «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының қағидалары мен  мазмұнына сүйене отырып,бастауыш сынып мұғалімдері  Жуманова Қымбат Даулетханқызы және  Мешитбаева Гулмира Турсынқызы оқушыларға шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар екендігін түсіндірді.Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек екендігін, бір –бірлерін  жақсы көре алатындықтарын,жақсылық пен жылулықты сыйлай білуге үйретті.Оқушылар   жылы лебіздерін білдіріп, шаттана қуанып, бір-біріне жылуын беріп, күлкілерін сыйлады!