Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2024

Хаттама №1

ХАТТАМА №1

№1 директор жанындағы кеңес 

Мерзімі: 30.09.2024ж.

Қатысқан мұғалімдер саны- 83

Қатыспағандар саны-2 себепті

Күн тәртібінде:

  1. Білім алушылардың жеке іс қағазын жүргізуді бақылау есебі; 
  2. Оқушылардың құқығы мен өмірін қорғау, еңбекті қорғау және техника, өртке қарсы қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз еті іс-шараларын бақылау; 
  3. «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған іс-шаралардың өткізілуін бақылау;
  1. Әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыруды бақылау нәтижесі;
  2. Үйде оқытуды ұйымдастыруды бақылау есебі;
  3. Жас мамандарға тәлімгерлік көмектің ұйымдастырылуын бақылау нәтижесі
  4. ҰБДҚ (НОБД) жаппай оқумен қамтылу жағдайын бақылау есебі 
  1. Инклюзивті оқытуды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі;
  1. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау нәтижесі;
  1. 8-11 сынып білім алушыларының сабаққа қатысуын бақылау нәтижесі;
  2. Бірінші сынып оқушыларының бейімделуін бақылау нәтижесі;
  3. Сабақтан тыс тәрбиелік жобаларды ұйымдастыру және оны іске асыруды бақылау нәтижесі;
  4. 6г,и,н сыныптарында математика пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі.





Тыңдалды:


      Кеңес төрайымы, мектеп директоры Г.А.Сейтахметова жаңа 2024-2025 оқу жылындағы ДЖК жоспары бойынша мәлімет беріп, алғашқы отырыстың күн тәртібінде қаралатын мәселелерін кеңеске қатысушы педагогтерге таныстырып өтті.

Бірінші мәселе бойынша ДОІЖО Утеулиева Раушан Шамшаевна сөз алды:

Мектепішілік бақылаудың   № 133 бұйрық негізінде  1-11 сыныптар бойынша білім алушылардың жеке іс-қағаздарының жағдайыны зерделенді.  

    2024-2025 оқу жылында 1-11 сынып білім алушыларының жеке іс-қағаздары білім алушыларға қажетті нормативтік құжаттар қамтылған. 

     Сынып құрамындағы білім алушылардың тізімі 05.09.2024ж күнімен мектеп директорымың қолымен бекітілген, жасақталған.

     Жеке іс-қағаздарға кіретін құжаттар, соның ішінде білім алушылардың оқу, үлгерім табельдері түгелдей салынған. Білім алушыларға қатысты мәліметтер толықтай толтырылған,  ата-ана туралы мәліметтер жазылған. 

      Жылдық оқу жоспары бойынша сыныптарда өтілетін үйірме, факультатив сабақтар тізімі талапқа сай толтырылып отырғанды анықталды.

      Жекеленген сыныптардағы жаңадан келген білім алушылардың суреттерін желімдеп, толтыру сынып жетекшілерге ескертілді, кері байланыс жасалды. 

     Тексеру барысында білім алушылардың жеке іс-қағаздары жүйелі түрде жүргізетіндігі және жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығы анықталды деп мәлімет берді.

Екінші мәселе бойынша оқушылардың құқығы мен өмірін қорғау, еңбекті қорғау және техника, өртке қарсы қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз еті іс-шараларын бақылау нәтижесі бойынша ДШЖЖО М.Сейдуалиева сөз алды.

        Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігіне   байланысты  мектептің ішкі және  сыртқы  ауласында 58(елу сегіз) бейне  бақылау   камералары  орнатылған . Оның  38 (отыз сегіз) мектеп ішінде 20(жиырма) бейне бақылау  мектеп сырттарында орналасқан. Әр  бір  кіре берістерде 6(алты) турникеттен  жалпы саны 18 (он сегіз) турникет орнатылған. Мектеп қызметкерлері  мен оқушылар  Фейс-айди   арқылы кіреді. Турникеттің жұмысына, сапасына    №1001   2023-11-22 күні отырылған келісім-шартпен  «Көркем Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетеді деп ақпарат берді.

     Мектептің әр оқу кабинеттерінде, зертханаларында  және дәліздерде  өрт  сөндіргіш   құралдарымен,  өртке  қарсы   дабыл  берушілер  толығымен   талапқа сай  жабдықталған. Өрт сөндіруші құрал саны-130. 

   Мектеп электригі қауіпсіздік болдырмау  үшін  электр құрылғыларын,  электр   жабдықтары  мен сымдарын  күнделікті   тексеріп отырады деп мәлімдеді.

        Ғимаратта  жалпы есік саны-25(жиырма бес),оның  ішінде негізгі кіру есігі-3(үш),ал қосалқы есік-22(жиырма екі),  сонымен   қатар 2(екі)  жертөле  бар.    

     2024 жылы мектеп күзету қызметіне «Ай-Ереке»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен №14   12.03.2024 күні  келісім-шартқа отырылып, жұмыс жасалынып жатыр. Мектеп күзетшілерін  тиісті құрал-жабдықтармен осы мекеме қамтамасыз етеді деп мәлімет берді.

Үшінші мәселе бойынша ДОІЖО Биниязова Ақбота Жолдыбайқызы сөз алды.

13.09.2024ж. Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл мерекесі – ел берекесі» тақырыбында тілдер мерекесі өтті.

   Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

   Мерекелік іс-шара Нұрақын Нұрайдың «Ана тілім» әнімен басталып, мектеп білім алушыларының «Өз тіліңді құрметте!» атты сахналық қойылымымен жалғасын тапты. Сондай-ақ, «Би-нұры» бишілер тобының «Шаман» және «Стюардесса» билері көрермен ықыласына бөленді. 

    Заман ағымына сай  «жасанды интеллект» арқылы жасалған Ахмет Байтұрсынұлының сөзі мектеп оқушыларына өзекті ой салды. 

   Сонымен қатар, ұстаздар мен оқушылардың біріге оқыған «Ана тілім» өлеңі тыңдаушылардың жүрек қылын шертсе, «wordwoll» қосымшасы арқылы көрерменмен ойнатылған ойын білім алушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыра түсті. 

   Мерекелік шара Тлеужан Асланның «Қазақ тілі» атты әсем әуенімен аяқталды деп мәлімдеді. Тіл мерекесі мектебімізде өте жоғары деңгейді өтті деп ақпарат берді.

Төртінші мәселе әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша әлеуметтік педагог Бейсенова Р.сөз алды.

         2024-2025 оқу-жылы бойынша - күнкөрісі төмен отбасынан шыққан оқушылар анықталып бұйрығы шығарылды.

5-11 сынып оқушыларынан тегін ыстық тамаққа құжат жинау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларының орындалуы сақталды.


ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ:


         Әлеуметтік қорғалмаған отбасының бала саны                – 86

Оның ішінде:

         Көп балалы отбасының бала саны                                                 – 60

         Аз қамтылған отбасының бала саны                                              – 26

         Қамқорлыққа алынған бала саны                                                   – 8


ОНЫҢ ІШІНДЕ 

         1-4 сынып бойынша аз қамтылған бала саны                             – 43

         5-11 сынып бойынша аз қамтылған бала саны                            – 43 


 «Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруда» құжаттардағы өзгерістердің дұрыс іске асырылуын бақылау мақсатында "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР №ДСМ-76 бұйрығын, 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығын, Алматы қаласы Білім басқармасының 2024 жылғы 04 қаңтардағы №42.1-42/9-И хатын басшылыққа ала отырып әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмысын бақылау комиссиясы 2024 жылдың 09.09.–13.09. күндері бақылау жүргізді. 

            Бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекіту, оны асханада және дұрыс тамақтану бұрышында теңдестірілген дұрыс тамақтану туралы ақпаратпен орналастыру орындалды (перспективалық мәзір және әр күнге тағамдардың фотосуреттері бар мектептік тамақтану бөлімінде Интернет-ресурста орналастыруға).

Сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынған. Буфетте талапқа сай тағамдар сатылады. Күрделі асқазан ауруына әкелетін коммерциялық газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақтарды атап айтқанда: гамбургерлер, ход-догтар, чипсы, кириешки, сағыздар, қуырылған бәліштерді қолдануға жол берілмеуі   қадағаланады.

        Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. 

Бесінші мәселе бойынша ДОІЖО Биниязова А.Ж. сөз алды. 

Мектепішілік бақылаудың  № 142 бұйрық негізінде  1-11 сыныптар бойынша үйден оқытудың ұйымдастырылуы зерделенді.  

    2024-2025 оқу жылында төмендегідей сыныптарда үйден оқитын оқушылар бар деп мәлімдеді.

  1. Адильханов Ильяс Жанибекович 1«Е»сынып

      2.    Қайырғалиев Ермұхамет 7 «Л» сынып;

      3.    Мадинова Диана Фархадовна  9 «Л» сынып;

      4.   Тлепберген Мадияр Дуйсембайұлы  11 «Г» сынып;

Бұл оқушыларға  оқу   жоспар бойынша мектеп директорының бұйрығымен бекітілген пәндерге пән мұғалімдері белгіленіп, сабақ кестесі құрылған. Сабақ кестесі бойынша мұғалімдер үйден оқитын оқушылармен жұмыс жүргізіп, ата-анамен қатынас дәптеріне жазылып отырғандығы анықталды. Пәндер бойынша үйге берілетін тапсырмалар көлемі оқушының жас ерекшелігі мен пәннің күрделігіне байланысты нормаға сай жүргізіліп, сонымен қатар арнайы тапсырмалар беріліп отыратындығы анықталды. Пәндер бойынша тапсырмалары толықтай тексеріліп, кері байланыс жасалып отыратындығы күнделік кз-ті тексеру барысында анықталды. Білім алушылармен пән мұғалімдері арасында тығыз байланыс орнаған.  Пәндер бойынша  білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатындада жұмыстар жүргізіліп отыратындығы байқалды.  

     Тексеру барысында пән мұғалімдері оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізетіндігі және жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығы анықталды деп ақпарат берді.

инклюзивті оқытуды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Б.А.Абілдаев сөз алды.

Алтыншы мәселе  жас мамандарға тәлімгерлік көмектің ұйымдастырылуын бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р.Ш. сөз алды. № 143 бұйрықты орындау мақсатында қыркүйек     айының  09.09-13.09  аралығында   жас мамандарға тәлімгерлік көмек ұйымдастыру бойынша  бақылау   жұмыстары жүргізілді деп мәлімдеді. 

      2024-2025 оқу жылында мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандармен жүргізіліп жатқан жұмысқа зерделеу жүргізілді. Жаңа оқу жылында жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін   ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жас мамандар мен озық тәжірибелі мұғалімдердің байланысын бекіту мақсатында  жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету үшін  тәлімгерлер тағайындалды.

  Биылғы оқу жылында 2 жас маман жұмысқа қабылданды:   биология пәнінен -1 мұғалім, ағылшын тілі пәнінен -1 мұғалім. 

  Биология пәнінен жас маман Сәуірбай Бағжанға тәлімгер болып Нұрбаева Акмарал Отыншиевна, ағылшын тілі пәнінен Өмірбай Бақытқа тәлімгер болып Абдурасулова Турсынгуль Жумаханқызы тағайындалды.

     Жас мамандарға мектеп әкімшілігі, тәлімгерлер тарапынан күнделікті сабақ жоспарының жасалуына бағыт беріліп, оқу үдерісін қалыптастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілетіндігі анықталды деп мәлімет беріп өтті.

Жетінші мәселе ҰБДҚ (НОБД) жаппай оқумен қамтылу жағдайын бақылау есебі бойынша ДОІЖО Р.Утеулиева сөз алды.

     Мектепішілік бақылаудың  № 144 бұйрық негізінде  1-11 сыныптар бойынша білім алушылардың ҰБДҚ (НОБД) тіркелу жағдайыны зерделенді.  

    2024-2025 оқу жылында 1-11 сынып білім алушылар саны 3682. Соның ішінде 1 сыныптар бойынша барлығы -403 оқушы, 2 сыныптар бойынша- 400 оқушы, 3 сыныптар бойынша -436 оқушы, 4 сыныптар бойынша-390 оқушы, 5 сыныптар бойынша барлығы  -327 оқушы, 6 сыныптар бойынша барлығы - 356 оқушы, 7 сыныптар бойынша барлығы - 351 оқушы, 8 сыныптар бойынша барлығы - 343 оқушы, 9 сыныптар бойынша барлығы - 367 оқушы, 10 сыныптар  бойынша барлығы -168 оқушы және 11 сыныптар бойынша барлығы   131 оқушы бар екендігі анықталды. 

   Қорыта келе , 1-4 сыныптар бойынша бала саны- 1629, ұлы-821, қызы-808; 5-9 сыныптар бойынша бала саны-367, ұлы-200, қызы-167; 10-11 сыныптар бойынша бала саны-299, ұлы-132, қызы-167. 

      Тексеру барысында анықталғаны білім алушыларға  қатысты мәліметтер толықтай толтырылған,  ата-ана туралы мәліметтер жазылған. 

     ҰБДҚ (НОБД) жүйелі түрде жүргізетіндігі және жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығы анықталды.

Сегізінші мәселе инклюзивті оқытуды ұйымдастыруды бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Абілдаев Б.сөз алды. 

      2024-2025 оқу жылында  № 26 жалпы білім беру мектебінде  «Алматы   қалалық   психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның»  қорытындыларына сәйкес,  19   ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.

ПМПК –ның ұсынысын  ескере отырып, мектепішілік психологиялық- педагогикалық  қолдаудың бұйрығымен және  № 4 әдістемелік нұсқаулық хатты негізге ала отырып  № 51 бұйрыққа сүйене отырып жеке оқу бағдарламасымен - 9 оқушы,  ҚР 2007 жылғы № 27 шілдедегі № 319 бұйрығымен, Білім туралы Заңының 6-тарау 43-бабында көрсетілген білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру бойынша - 8 оқушы білім алуда. Тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша негізгі орта білім беретін мектептің жалпы сыныбында оқыту» бойынша – 2 оқушы білім алуда.

ППҚ көрсету команда мүшелері  төрағасы-Абилдаев Б.С.,  арнайы педагог- Түгелбаева М.Б.,  педагог-логопед- Сахмиденова Н.О., психолог-  Нысамбаева  А.К. педагог-ассистент – Каиыпова А.З    психологиялық- педагогикалық  қолдаудың жұмыс  жоспарын   ұйымдастыруда.  

2024-2025 оқу жылына ПМПК қорытындысы негізінде,   19 ерекше білімді қажет ететін оқушылар саны анықталды. 

Жеке оқу бағдарламасымен - 9 оқушы: 

           1.   Бауыржан Аян           1 «Л»

           2.   Мырзағұл Алихан     4 «К» сынып

           3. Базарбаев Азат           4 «В» сынып

           4. Серік Айсұлтан          5 «Г» сынып

           5. Отарбай Зере              5 «Е» сынып

           6. Әбен  Ерасыл             6 «Ж» сынып

           7. Мамиев Ислам           6 «В» сынып

           8. Таниберді Асылбек   6 «Б» сынып

           9. Уразалиева Балнур    7   «Г» сынып

Жалпы білім беру бағдарламасымен – 2 оқушы:

 1. Хашимов Имаммагамет 3 «П» сынып

 2. Нұрали Нұрислам 1 «З»

Бейімделген оқу бағдарламасымен - оқушы: 8

     1.Толепбатыр Дінмухамед 2 «Е» сынып

     2. Тогузаков Азамат 3 «О» сынып

     3. Төлепбатыр Сезім

     4. Ахмет Даниал 4 «З» сынып

     5. Кеңесберген Нұрәли  6 «Г»

     6. Танабай Аяла  5 «В»

     7. Абдул Әліби  3 «Ж»

     8. Еркін Асылжан  1 «М»

2024-2025 оқу жылының 1-15 қыркүйек аралығында  жоспарға сәйкес,  арнайы педагог, логопед, психолог  мамандары  ЕББҚБ оқушыларға диагностика өткізді. 

Оқу жылындағы мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс жоспары құрылып,  мамандар балалар туралы мәліметтерді жинақтап формаларды толтырды. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары  сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерге, білім алушының ата-аналарына жыл бойына жоспарлаған консультативтік-әдістемелік көмектерін  көрсетіп,   кеңесті тіркеу журналын бастады. 

Арнайы педагог пен педагог-логопед, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даму динамикасын талдап, сөйлеу тілінің картасы мен жетістіктер картасын толтырып, оқу бағдарламаларын құрды.  

ППҚ көрсету формаларын толтыру жұмыстары ұйымдастырылды деп мәлімет берді.

Тоғызыншы мәселе үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау нәтижесі бойынша ДОІЖО Утеулиева Р. сөз алды. 

      Мектепішілік бақылаудың  № 146 бұйрық негізінде   5,6,7   сыныптары арасындағы үлгерімі нашар оқушылардың оқу нәтижелерінің деңгейлерін бақылау  бойынша  зерделеу жұмыстары жүргізілді. 

     Зерделеу барысында анықталғаны пәндер бойынша үлгерімі нашар оқушылардың  үйге берілетін тапсырмалар көлемі оқушының жас ерекшелігі мен пәннің күрделігіне байланысты нормаға сай жүргізіліп, сонымен қатар ерекше қажеттілікті талап ететін оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп отыратындығы анықталды. Пәндер бойынша үлгерімі нашар оқушылардың   тапсырмалары сабақтың басында үнемі тексеріліп, кері байланыс жасалып отыратындығы сабаққа қатысу барысында көрініс тапты. Білім алушылар үй тапсырмасын тұрақты түрде орындап отыруын мұғалімдер бақылап отыратындығы және жекеленген оқушылар тапсырмаларды орындау барысында кездескен кедергілерді үй тапсырмасына рефлексия жасау арқылы баяндап отыратындығы байқалды.  Пәндер бойынша  білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатындада жұмыстар жүйелі жүргізіліп отыратындығы байқалды.  

     Тексеру барысында пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасай отырып, сонымен қатар білім алушылардың пәндік дәптерлерін уақытылы тексеріп отыратындығы анықталды деп мәлімет берді.

Оныншы мәселе 8-11 сынып білім алушыларының сабаққа қатысуын бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Кушалиева Г.Ш.сөз алды. 

«№26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.09.2024 жылғы мектепішілік №147 бұйрығын орындау мақсатында қыркүйек айының 8-11 сынып білім алушыларының 01-20-шы  жұлдызы аралығындағы білім алушылардың сабаққа қатысуына бақылау жүргізілді. Білім алушыларының оқу сабақтарына қатысу деңгейі, көніл-күйлері ,денсаулықтары күн сайын бақылануда болады. Білім алушылардың оқу сабақтарын босату себептері анықталып,  сабаққа қатысуы туралы мәліметтер тіркеу журналына күнделікті белгіленеді. Білім алушылардың, оқыту кезінде білім алушылардың білім сапасы, сабаққа қатысуы қатаң бақылауға алынды.

       Денсаулығына байланысты сабақты босатқан білім алушылар дәрігердің бақылауында болып, жазылып, анықтама өткізді.

1)         8 г сыныбы Туманчиева Ж 02.09-24.09 больницада жатыр

2)         8 ә сыныбы Рашит Ә-11.09- 23.09.2024

3)         8ж сыныбы Сарсен Н-13.09-20.09.2024

4)         9о сыныбы Нурадин А 02.09-05.09.2024 

5)         9 ә сыныбы Серикбай А-03.09- 06.09.2024

6)         9н сыныбы Бектұрсын І- 04.09-10.09.2024

7)         11б сыныбы Тукебаев М-02.09-10.09.2024

8)         11 г сыныбы Қуаныш Ж-04.09-13.09.2024

     Сабаққа мүлдем тартылмай қалған білім алушылар болған жоқ. Сабаққа кешігіп келген, қатыспаған білім алушылардың ата-аналарымен хабардар  болып, ескертулер жасап, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Білім алушылардың оқу сабақтарын әртүрлі себеп болған жағдайда босатқандығы туралы анықталып, білім алушылардың ата-аналарына ескерту жұмысы жасалды. 

    Қыркүйек айының қорытындысы бойынша білім алушылардың оқу сабақтары, денсаулық жағдайына байланысты анықтамалары жинақталып, штаб отырысында сынып жетекшілер есеп береді деп мәлімдеді..

Он бірінші мәселе бірінші сынып оқушыларының бейімделуін бақылау нәтижесі;

     2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында Керн – Йирасек тесті алынды. Зерттеу жұмысына  373  оқушы қатысты. Зерттеу жұмысы барысында «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу», «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. Сонымен бірге 1-сынып оқушыларының таным процестері анықталды.

    Жүргізілген әдістің қорытынды нәтижесінде 1 сынып оқушыларында мектепке жағымды көзқарас байқалады. Оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылықтары жақсы. Мұғалімдер мен оқушылар арасында тұрақты қарым-қатынас сақталған.

Мектепке бейімделуі төмен оқушылар бақылауға алынды, ерекше қажеттілікті талап ететін оқушылармен жоспар бойынша мектеп психологтары және сынып жетекшілері жұмыс жүргізеді.

Ұсыныс ретінде мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекеше зейін аударып, оларда оқуға деген жағымды қатынас орнату, өзін-өзі бағалауы төмен оқушыларда өзіндік бағасын жоғарлату үшін қолдап, жағдай жасауға көмектесу, төмен ұпай жинаған оқушыларда танымдық мотивацияны дамыту, оқушылардың мектепке деген қатынасын оң арнаға түсіру, мектептік өмірге үйрету қажет, ол үшін бала мектепке білім алып тәрбиелену үшін келетінін үнемі айтып отыру қажет, оқушыларда кеңістік байланыстар орнату қабілетін, көрнекілік қабылдау дәлдігін дамытқан жөн.

           Сынып жетекшілеріне: 

-Оқушылардың ақыл-ой даму деңгейін жетілдіру мақсатында математика пәні сабақтарында ойын арқылы логикалық жаттығуларды орындату;

-Есте сақтауды дамытуға арналған және сөздік қорларын молайтуға қосымша жұмыстар жүргізу;

-Баланың танымдық қызығушылықтарына аса үлкен көңіл бөліп отыру;

-Ата-аналарымен тығыз байланыста болу ұсынылды деп мәлімдеді.

Керн-Йерасек әдістемесінің қорытындысы бойынша диаграмма

Сыныбы: 1-сынып оқушылары     Барлығы: 404.  Қатысқаны: 373

Мектепке бейімделуі


Мектепке бейімделуі

жоғары

Мектепке бейімделуі

жақсы

Мектепке бейімделуі 

орташа


Мектепке бейімделуі

төмен

саны

52

124

159

38


Он екінші мәселе  сабақтан тыс тәрбиелік жобаларды ұйымдастыру және оны іске асыруды бақылау нәтижесі бойынша ДТЖЖО Кушалиева Г.Ш.сөз алды.

      Мектепішілік бақылау жоспары бойынша білім алушылардың сыныптан тыс жобаларын іске асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.  “Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту  тұжырымдамасында” орта білім берудің  мақсаты жылдам  өзгеріп дүние жағдайларында  алынған   терең білімнің, кәсіби дағдылардың   негізінде  еркін  бағдарлай білуге, өзін - өзі  іске асыруға, өзін-өзі дамытуға  және өз бетінше  дұрыс,   адамгершілік тұрғысынан  жауапты шешімдер  қабылдауға  қабілетті жеке  тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен.

     Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьлардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады. 

       Осыған орай, мектепте  оқушыларды тек сыныпта ғана  тәрбиелеп және  қалыптастырып   қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да   тәрбиелеу қажеттілігі маңызды. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқушылар әртүрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға, өнерге, сурет салуға, олимпиадаларға қатысады. Жобалар: Балалар кітапханасы, Қамқор, Еңбегі адал-жас өрен, Шабыт,Ұшқыр ой алаңы, Smart bala жобалары бойынша жүмыстар жүргізілуде. Мектепте үстел теннисі, жеңіл атлетика, волейбол, футбол, домбыра, би, вокал үйірмелері жұмыс жасайды деп мәлімет берді.

Он үшінші мәселе 6г,и,н сыныптарында математика пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша математика пәні ӘБ жетекшісі Дүйсенбиева Г.Т. сөз алды.

   2024 жылғы 23.09-27.09 күндері аралығында 2023-2024 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың жылдық жоспары бойынша 6 г, и, н сыныптарында математика пәнінің оқытылуы бақылауға алынды деп мәлімдеді.

      Мусаева Салтанат Мухамбетовна  23.09.2024ж   күні   6 «Г» сыныбына  математика пәнінен «Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың басында үй тапсырмасы тексеріліп, өтілген тақырып сұрақ-жауап арқылы қайталанды. Оқулықтан және қосымша тапсырмалар берілді, оқушылар тақырыпты түсінген. Мұғалім мен оқушылар арасында байланыс қалыптасқан.  Сабақ мақсатына жетті. 

    Рапкатқыры Амангүл  24.09.2024ж күні 6 «Н» сыныбына математика пәнінен «Масштаб» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ жоспары күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сай жасалған. Үй тапсырмасын тексеріп, ережелер сұралды. Оқулықпен жұмыс жүргізіліп, сонымен қатар жеке, топпен тапсырмалар орындатты. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Сабақ мақсатына жетті. Сабақты үнемі жетілдіру мақсатында кері байланыс жасап отыру керек. Сабақта уақытты тиімді пайдалану керектігі, есепті жазуда реттілік сақталу керекігі ескертілді. 

   Берікбай Майнұр 25.09.2024ж күні 6 «И» сыныбына алгебра пәнінен «Масштаб» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ жоспары күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жасалған. «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылардан ережелер сұралып, дәптерлері тексерілді. Оқулықтан және қосымша тапсырмалар берілді. Түрлі тапсырмаларға үлестірме материалдарын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, сабақ мақсатына жетті. Мұғалімге тапсырмаларды орындауда тиімді   тәсілдерді ескеруге кеңес берілді.


ШЕШІМ:

  1. Білім алушылардың жеке іс қағазын жүргізуді бақылау есебі бойынша айтылған ұсыныстарды басшылыққа алу сынып жетекшілерге жүктелсін; 
  2. Оқушылардың құқығы мен өмірін қорғау, еңбекті қорғау және техника, өртке қарсы қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз еті іс-шараларын бақылау; 
  3. «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған іс-шаралардың өткізілуі өте жақсы деп бағалансын;
  4. Әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру бракераж комиссия мүшелері тарапынан қатаң бақылауда болсын;
  5. Үйде оқытуды ұйымдастыру ДОІЖО тарапынан қатаң бақылауда болсын;
  6. Жас мамандарға тәлімгерлік көмектің ұйымдастыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылсын;
  7. ҰБДҚ (НОБД) жаппай оқумен қамтылу жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын;
  8. Инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жұмыстары ДОІЖО Б.Абілдаевқа жүктелсін;
  9. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарлы түрде жалғасын тапсын;
  10. 8-11 сынып білім алушыларының сабаққа қатысуы қанағаттанарлық деп танылсын;
  11. Бірінші сынып оқушыларының бейімделуін бақылау нәтижесі бойынша атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын, айтылған ұсыныстар бойынша психологтар мен сынып жетекшілер бірлесіп жұмыс жүргізу басшылыққа алынсын;
  12. Сабақтан тыс тәрбиелік жобаларды ұйымдастыру ДТЖЖО тарапынан үнемі бақылауда болсын;
  13. 6г,и,н сыныптарында математика пәнінің оқытылуын бақылау нәтижесі бойынша айтылған ұсыныстар пән мұғалімдері тарапынан басшылыққа алынсын.      


Мектеп директоры                                               Сейтахметова Г.А.


               Хатшы                                                                  Жангабылова С.