№26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Кітап сыйла!» атты
Кітапханашылар күніне орай Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты — оқушылар мен ұстаздар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, кітапхана қорын толықтыру және оқу мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында ұстаздар, оқушылар және ата-аналар өздері ұнатқан көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптарды мектеп кітапханасына тарту етіп, білім ордасының рухани қазынасына өз