Алматы қаласы Алатау ауданы № 26 жалпы білім беретін мектепте қазақ
Алматы қаласы Алатау ауданы № 26 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен тілінде" атты онкүндік аясында "Оскар кімге бұйырады?" тақырыбында 6-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Сайыс мектептің 6-сынып оқушылары арасында өтті. Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру. Актерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу,ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау.