7 “Б” сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын- халық мұрасы» сайысы
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте күзгі демалыс уақытында 7 “Б” сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын- халық мұрасы» сайысы өтті. Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Сынып жетекшісі: Шегибаева Роза Танирбергеновна.