«Денсаулық -зор байлық» тақырыбында 4-сынып білім алушылары арасында
Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының «Спорт және Салауатты өмір салты» фракциясы жоспары аясында «Денсаулық -зор байлық» тақырыбында 4-сынып білім алушылары арасында спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға спорт пен денсаулықтың тығыз байланыста екенін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс өте қызықты өтті. Жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылды.