Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ерлігі  ертеңге үлгі…”
14
февраль
2023
“Ерлігі ертеңге үлгі…”
№26 жалпы білім беретін мектепте  8 сыныптар арасында “Ерлігі  ертеңге үлгі…” атты ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты оқушылардың  елге, жерге  деген патриоттық  сезімдерін оята отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қатысқан қонақтар:  Айдарбаев Алмасбек Рахымкулович - Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің “Намыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джулдасбаев Берик Даулетханович - Ауған соғысының ардагері.
Ғ.Мұстафиннің -120 жыл толуына орай,кітап көрмесі
13
февраль
2023
Ғ.Мұстафиннің -120 жыл толуына орай,кітап көрмесі
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында Қазақстан халық жазушысы,қоғам қайраткері Ғ.Мұстафиннің -120 жыл толуына орай,кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге 7 "Л" сынып білім алушылары қатыстырылды. Көрменің мақсаты: Білім алушыларға Ғ.Мұстафин туралы мәлімет беру,алған білімдерін қорыту,жинақтау,шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.          Кітапхана меңгерушісі: Мергенбаева А.К
"Түркі әлемінің генезисі"
12
февраль
2023
"Түркі әлемінің генезисі"
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында "Түркі әлемінің генезисі" жобасы аясында "Қожа Ахмет Яссауидің туылғанына-930 жыл" толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 7 "Л" сынып білім алушылары қатыстырылды.              Көрменің мақсаты: Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің бай мұрасын білім алушыларға насихаттау.   Кітапхана меңгерушісі: Мергенбаева
Киокушинкай Каратэ спорт түрінен
11
февраль
2023
Киокушинкай Каратэ спорт түрінен
Киокушинкай Каратэ спорт түрінен Ресейде өткен  VIII «Кубок Омска» чемпионатынан  1 орын иегері: 11 "Ә" Елжанов Асылбек. Жеңіс құтты болсын!
“Altyn Urpaq”
10
февраль
2023
“Altyn Urpaq”
Дүниетану. Жаратылыстану пәндерінен 1-4 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Altyn Urpaq” олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Қуанышқызы Динаят.   Құттықтаймыз!💐  Сынып жетекшісі: Бахтыбай Ақбота Балтабайқызы