"Ғылым ордасындағы" археологиялық музейге саяхат жасады
✅Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 5 "Ж" сынып оқушылары 03.11.22 күні "күзгі демалысты" пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында "Ғылым ордасындағы" археологиялық музейге саяхат жасады. ✅Музейде әлемдік тарихи және ғылыми маңызы бар сирек кездесетін жәдігерлер жиынтығы бар. Музейдің бай қоры, ерекше экспонаттары бүкіл әлемдік ірі көрме алаңдарының назарын сан мәрте аудартты. ✅Сонымен қатар "кинопарк" желісінен қызықты кино тамашаладық. Сынып жетекшісі: Бекбосунова