Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл»
20
декабрь
2021
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл»
№26 жалпы білім беретін мектепте  15.12.2021ж сағат 12.00 де  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагерлермен кездесу өткізілді.  Кездесуге:  1. Нурмуханбетова Жанат Айтмухамедқызы- Алатау ауданы №91 жалпы білім беретін мектептің ұстазы. 2. Мыңжасарова Лайла Жангазиновна- №26 жалпы білім беретін мектептің ұстазы қатысты. Кездесу 10 сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар өздерінің туындаған сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатылды. 
«Мемлекеттік рәміздер –тарих құндылықтары»
20
декабрь
2021
«Мемлекеттік рәміздер –тарих құндылықтары»
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 9 «Б» сынып  білім алушылары : «Мемлекеттік рәміздер –тарих құндылықтары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар  өз ойларын ортаға салды. Мақсаты:Елтаңба, Ту, Әнұран туралы ойларын нығайтып, Рәміздердің тарихи құндылығына түсінік беріп, Отан сүйгіштікке, Отанына адал қызмет етуге, құрметтеуге баулу арқылы,тәрбиелеу;
"Жастар арасындағы үздік спортшы"
20
декабрь
2021
"Жастар арасындағы үздік спортшы"
Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының Президенті О. Н. Өксікбаевтың қолынан мектебіміздің 11"А" сынып білім алушысы Камеджанов Едіге "Жастар арасындағы үздік спортшы" номинациясының жеңімпазы атанды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Mortal Arts Festival 2021"
20
декабрь
2021
"Mortal Arts Festival 2021"
"Спорттық Алматы бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Mortal Arts Festival 2021" Муай-тай жарыс түрінен 14-15 жас аралығында 54 салмақ дәрежесі бойынша мектебіміздің 9 "З"  сынып оқушысы Дүйсехан Тұрар  І орынды  иеленді.   Сынып жетекшісі-Намазиманова Әдемі Ахатқызы.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!