“Қош келдің - Жаңа жыл!” атты сынып сағаттары » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
декабрь
2022

“Қош келдің - Жаңа жыл!” атты сынып сағаттары

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектебінде "Қош келдің, Жаңа жыл!' атты сынып сағаты өткізілді.
   Мақсаты:
1. Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық заттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
2. Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салыды  үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Сыныбы: 7"В”   Сынып жетекшісі: Жангельдина Ай
Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 5 “В” сыныбында “Қош келдің - Жаңа жыл!” атты сынып сағаты өтілді.
Мақсаты:
- Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік бере отырып, пиротехникалық заттардың қауіптілігі, олардың пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін айтып, түсіндіру;
- оқушыларды сыйластыққа, ауызбіршілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
- қысқы демалыстағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. 
Сонымен қатар “Оқуға құштар” жобасы бойынша қысқы демалыс уақытында оқулық оқып, өз білімдерін жетілдіру жайлы айтылды.
Сынып жетекшісі: Мәлік Назерке  Болатқызы
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп 6"Б" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Тақырыбы: "Қош келдің, Жаңа жыл!"
Мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Міндеттері: 1. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
2. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.    
Сынып жетекшісі: Берікбай Майнұр