Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2022

"Өнердің дамуы -қоғам дамуының көрінісі"

Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектепте 22.11.2022 жылы  эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің "Өнердің дамуы -қоғам дамуының көрінісі" тақырыбындағы онкүндік іс шарасының аясында қазақтың ән падишасы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай "Әуелеген әсем ән" атты мерекелік іс-шара  өтті. Мектеп ұстаздары мен білім алушылары өз өнерлерін ортаға салып, мадақтамамен марапатталды.
Мақсаты: Білім алушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын дамытып, ұкыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру.

Міндеттері: 
- Оқушыларға ұлт ұлыларын насихаттап, өнерімен, өненесімен таныстыру;
- Сайыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай туғызу;
- Қабілеттері жоғары балалармен жұмыс істеу;
-Бірлестіктегі озық педагогикалық тәжірибені зерттеу,жинақтау,тарату