Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектептің 6 "ж" сынып білім алушылары мен сынып жетекшісі Құрбанова Жұлдыз апай, Қарттар мейрамына орай Иманкулова Людмила апамызды құттықтап, жағдайын біліп қайтты. "Қарты бар үйдің қазынасы бар"- демекші қарттарымыз аман болсын!