03
март
2022
"XIII-XV ғғ Қазақстан мәдениеті "
Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп 6 "Ж" сынып білім алушылары арасында Қазақстан тарихы сабағынан "XIII-XV ғғ Қазақстан мәдениеті " тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: ХIII- ХV ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениетін оқушыларға ұғындыру. Оқушылардың тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруін жүзеге асыра отырып ойлау қабілетін арттыру, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру, қорытынды шығару машықтарын дамыту. Оқушылардың Отан тарихын зерттеуге белсенділік іс - әрекетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.