"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерь жұмысының кезекті маусымы аяқталды. » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерь жұмысының кезекті маусымы аяқталды.
30
июнь
2021

"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерь жұмысының кезекті маусымы аяқталды.

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 
Алматы қаласы Алатау ауданы № 26 жалпы білім беретін 
мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру  лагерь жұмысының кезекті маусымы аяқталды. Іскер де, шебер педагогтарымыздың жетекшілігімен өткен лагерьде балалар жазғы демалысын тиімді өткізді. Қатысушылар ауысым барысында тәрбиенің 8 бағыты бойынша іс-шараларға белсене қатысып, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін толық жетілдірді десе де болады, себебі қызықты ойындар, караоке, кинозал, спорттық жарыстар мен викториналар, әртүрлі дәрістер, жаңа достар, көңілді тәрбиешілер барлығы  білім алушыларға үлкен әсер, жаңаша көзқарас сыйлады. Балалар топ жетекшілерімен қимай қоштасып, "Аз уақыт ішінде көп нәрсені үйрендік, бір үйдің баласындай жетекшімізге бауыр басып қалдық. Бұл, ең керемет әрі тиімді өткен жазғы демалыс болды" десе, ата-аналар да өз тарапынан лагерь жұмысын жоғары бағалап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Құрметті оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар, жазғы каникулдан соң керемет көңіл-күй, жаңа серпін, ерекше әсермен жаңа оқу жылында мектепте қайта кездесуді асыға күтеміз.