ҚР Президентінің жолдауына талдау » КГУ "Общеобразовательная школа №26" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 271-89-87
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-71-87-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2019

ҚР Президентінің жолдауына талдау

«№ 26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын көру және талқылау сәттерінен көріністер.
№26 жалпы білім беретін мектеп директоры Г.А.Сейтахметова ұжым мүшелерінің жиналысында сөз алып, өз пікірін айтты. Ол өз сөзінде, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халықына арнаған Жолдауында ең өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі бұған дейін бұл Жолдау парламентшілдерге, атқарушы билік органдарына , жалпы қоғам үшін еліміздің алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын нұсқаулық болатынын мәлімдеген болатын.
Сындарлы қоғамдық сұхбат- бұл мемлекет тұрақтылығының негізі, ол өз азаматтарының әл-ауқатымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Президент ұсынған «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беруге, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог құруға негіз болады.Бұл үшін халықпен тиімді кері байланыс орнату қажет, соның ішінде жергілікті билік органдарының тиімділігін саралайтын сауалнамалар жүргізу де маңызды.